сəттен бастап төлегенге дейін мемлекеттік мекеменің есебінде көрсетіледі.
30
– өндіріп алудан сот бас тартқан, оның ішінде талап арыздың мерзімі өтіп
кету себебі бойынша;
– оның мүлкінің жетпеуіне байланысты борышкерді жойғанда, сондай-
ақ таратушы балансты бекіткенге дейін кредитормен шағымдалмағанда
қанағаттандырылмаған;
– борышкердің қайтыс болуына байланысты міндеттеме тоқтаған
жағдайда, егер орындау борышкердің жеке қатысуынсыз жүргізіле алмаса не-
месе міндеттеме өзге жағдаймен борышкердің тұлғасымен байланысты болса
өндіріп алуға үмітсіз дебиторлық берешекті есептен шығарады.
Бюджеттік төлемдер, бюджетпен есеп айырысу, сатушылар мен тапсы-
рыс берушілер, ведомстволық есеп айырысулар бойынша дебиторлық жəне
кредиторлық берешекті есепке алу тəртібі Бухгалтерлік есеп ережесінің
«Дебиторлық жəне кредиторлық берешекті есепке алу тəртібі» бөлімінде
анықталған.
Қорлар
Қорлар бастапқы танылғанда, жас төлдің төлдеуі мен салмақ өсімін
қоспағанда, олардың кіріске жазылуы жоспарланған өзіндік құн бойынша
жүзеге асырылатын, олардың нағыз орны мен жағдайына қорлар келтіру үшін
тартылған сатып алуға, қайта өндіруге жəне өзге де шығындарды қамтитын
олардың нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі.
Басқа мемлекеттік мекемеден алынған қорлар тапсыратын мемлекеттік ме-
кеме қорларының баланстық құны бойынша танылады. Мемлекеттік мекеме-
лермен өтеусіз негізде үшінші тараптардан алынған қорлардың өзіндік құны
болып оларды алған күнгі қорлардың əділ өзіндік құны танылады.
Есеп жылының соңында қорлардың баланстық құны олар зақымдалған,
толық немесе жартылай ескірген жағдайда немесе олардың сату бағасы
төмендегенде, активтердің баланстық құны қайтарылмайтыны көрсетілген
жағдайлардағы оқиғалар мен өзгерістерді ескере отырып, мемлекеттік
мекеменің басшысымен бекітілген түгендеу қорытындысы бойынша қайта
қарастырылады.
Осы ретте, тегін тарату үшін немесе нақтылы құны бойынша тарату үшін
тауарларды өндіру үдерісінде тегін таратуға немесе нақтылы құны бойынша
таратуға сақталатын қорлар құнның ең аз мөлшері мен ағымдағы қалпына
келтіру құны бойынша бағаланады. Қалған қорлар екi шаманың ең кiшiсi бо-
йынша: өзiндiк құн жəне таза iске асырылған құн бойынша бағаланады.
Түгендеу актісінде ағымдағы қалпына келтіру құнына немесе сатудың таза
құнына дейін қорлар құнының құнсыздану себебі көрсетіледі.
Ағымдағы қалпына келтіру құнына немесе сатудың таза құнына дейінгі
қорлар құнының құнсыздануына арналған резерв мемлекеттік мекеме
басшысының бұйрығына сəйкес баппен немесе қор баптарының ұқсастары
үшін немесе бір-біріне байланысты топтары бойынша жасалады.
Баланстан қорларды есептен шығару мынадай:
31
1) өзара алмастырылмайтын болып табылатын қорлар үшін, сонымен қатар
арнайы жобалар үшін өндірілген не арналған, бұл ол сатып алынды ма əлде
өндірілді ме айырмасыз – шығындарды арнайы теңестіру;
2) басқа қорлар үшін – орташа өлшемді құны əдістерін қолдана отырып
жүзеге асырылады.
Қорларды есепке алу тəртібі Бухгалтерлік есеп ережесінің «Қорларды есеп-
ке алу тəртібі» бөлімінде анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: