Негізгі құралдар
Негізгі құралдардың нысаны бастапқы танылғанда өзіндік құны бойынша,
яғни нақты шығындары бойынша көрсетіледі.
Мемлекеттік мекеме басқа мемлекеттік мекемеден алынған негізгі
құралдардың өзіндік құны ретінде негізгі құралдардың тапсырылатын
баланстық құнын таниды. Үшінші тараптан қайтарусыз негізде мемлекеттік ме-
кемемен алынған негізгі құралдардың өзіндік құны болып негізгі құралдардың
түсу күніндегі əділ құны танылады.
Негізгі құралдардың келесі есебін мемлекеттік мекеме нақты шығындар
бойынша есептеу моделін қолдана отырып жүзеге асырады: актив ретінде
бастапқы танылғаннан кейін негізгі құралдар нысанын есепке алу оның
кез келген амортизациясын немесе құнсызданудың нəтижесінде кез кел-
ген жинақталған шығындарды алып тастағанда оның өзіндік құны бойынша
жүргізіледі.
Негізгі құралдардың алғашқы құнының өзгеруі Қазақстан Республикасы
Үкіметінің шешіміне сəйкес жүргізілетін активтерді бағалау жағдайларында
рұқсат етіледі.
Негізгі құралдардың нысанына қызмет көрсетуге шығындар жөндеуге
жəне негізгі құралдардың нысандарын қамтамасыз етуге шығыстар туындаған
кезеңде ағымдағы шығындар құрамында көрсетіледі.
Өндіру нормалары активті тану талаптарына сəйкес келгенде өндірудің
алғаш бағаланған негізгі құралдардың жағдайын жақсартатын құрылысқа
шығындар жəне негізгі құралдарды қайта жөндеуге шығындарды мемлекеттік
мекеме капиталдандырады жəне аяқталмаған құрылыс есебіне жатқызылады.
Аяқталмаған құрылыс нақты шығындар бойынша өлшенеді.
Аяқталмаған жəне аяқталған, бірақ пайдалануға тапсырылмаған құрылыс
жəне қайта құру нысандары бойынша шығындар келесі жылдың балансына
ауысады. Пайдалануға тапсырылған жəне аяқталған құрылыстың нысанда-
ры қабылдау актілері негізінде оларға жүргізілген шығындардың толық
көлемінде ұзақ мерзімді активтерді есепке алу шотына жатқызылады.
Мемлекеттік мекеме «Мемлекеттік мекемелердің негізгі құрал-жабдықтары
(активтері) бойынша тозудың жылдық нормаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі №1308 қаулысымен
бекітілген (бұдан əрі – № 1308 қаулы) амортизацияның жылдық нормаларын
қолдана отырып, біркелкі есептеу əдісі бойынша негізгі құралдардың аморти-
зациясын ай сайын есептейді.
32
Сатып алынған негізгі құралдардың амортизациясын есептеу мынадай:
1) монтаж жүргізу талап етілмесе, сатып алулар;
2) егер монтаж өткізу керек болса, пайдалануға енгізу есептеу айының
1-нен бастап жүргізіледі.
Шығып қалған негізгі құралдардың амортизациясын есептеу негізгі
құралдар нысанының шығып қалған айынан, айдың 1-нен тоқтатылады.
Мемлекеттік мекеменің негізгі құралдарының таратушы құны нөлге тең.
Негізгі құралдың құнынан 100% асқан амортизацияға есептеу
жүргізілмейді. Əрі қарай пайдалануға жарамды, негізгі құралдар нысандары-
ның құны 100% көлемде жинақталған амортизация толық тозу себебі бойын-
ша есептен шығаруға негіз бола алмайды.
Негізгі құралдың нысаны тұрып қалса немесе белсенді қолданылмаса жəне
шығып қалу үшін ұсталынса, амортизация толық амортизацияланғанға дейін
тоқтатылмайды.
Есеп жылының соңында өткізілген түгендеу қорытындылары бойынша,
бюджеттік бағдарламалар əкімшілерімен келісілген, мемлекеттік мекеме бас-
шысы бұйрығына сəйкес құрылған түгендеу комиссиясының актісі негізінде,
егер орны толтырылатын құн осы активтің баланстық құнынан төмен болса,
есепте негізгі құралдар нысанының құнсыздану фактісі жазылады. Түгендеу
актісінде құнсыздану себептері көрсетіледі.
Негізгі құралдарды түгендеу мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік
есебі мен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының
заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
Негізгі құралдар құнының құнсыздану есебі Бухгалтерлік есеп ережесінің
«Активтердің құнсыздануы» бөлімінің қағидаларына сəйкес жүзеге асырыла-
ды.
Негізгі құралдарды баланстан шығару мемлекеттік мүлікті басқару жəне
мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі
саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асыры-
лады.
Мемлекеттік мүлікті басқару саласында негізгі құралдардың есептен
шығарылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асыры-
лады.
Мемлекеттік мекеме негізгі құралдардың нысандарын Бухгалтерлік есеп
ережесінің «Негізгі құралдарды есепке алу тəртібі» бөлімінің қағидаларына
сəйкес ескереді.
Достарыңызбен бөлісу: |