Биологиялық активтер
Бастапқы тану кезінде жəне əрбір есеп кезеңінде биологиялық актив сатуға
қосымша шығындарды есептемегенде əділ құны бойынша өлшенеді.
Нарықтық баға немесе басқа да құн көрсеткіштері болмаған жағдайда
биологиялық активті жинақталған амортизация мен оның құнсыздануынан
шығындарды алып тастағандағы өзіндік құн бойынша бағалаған жөн (нақты
шығындар бойынша есептеу моделі).
Биологиялық активтерді сату не тапсыру негізгі құралдармен жүргізілетін
операцияларға ұқсас ескеріледі.
Малдың құны сойғанда алынған өнімді кейіннен кіріске жазу арқылы есеп-
тен шығарылады.
Негізгі биологиялық активтерді түгендеу мемлекеттік мекемелердің
бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан
Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
Биологиялық активтер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін есепке алу
тəртібі Бухгалтерлік есеп ережесінің «Биологиялық активтерді есепке алу
тəртібі» бөлімінде анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |