Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет149/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   274
13.2 Ұңғымаларды пайдалану тәсілдері
Егер сұйықтың немесе қоспаның жер бетіне көтерілуі табиғи энергияның 
W W
n
n
(
)
=
0
есебінен болса, онда бұл тәсілді табиғи-фонтанды деп атаймыз.
Егер ұңғы сағасындағы қысым қанығу қысымынан үлкен болса 
P P
c
K

(
)
,
онда көтергіште еркін газ болмайды, ал сұйық жер бетіне өзінің потенциал 
энергиясының арқасында көтеріледі. Пайдаланудың осы тәсілін артезианды 
фонтандау, не болмаса қабаттың гидростатикалық арынның есебінен сұйық 
көтеріледі. Қазіргі уақытта бұл тәсіл шектеулі тараған.
Егер ұңғы өнімінің жер бетіне көтерілуі табиғи және жасанды энергиялар 
есебінен, не болмаса тек қана жасанды энергия есебінен болса, онда осындай 
пайдалану тәсілі механикаландырылған деп аталады.
Пайдаланудың механикаландырылған тәсілі келесі варианттарда орындала-
ды:
1. Жасанды энергия өндірілетін өнімге ортадан енгізіледі, ал оның өндіру 
ұңғылары арасында таралуы кеніште болады. Кенішке энергияны осылай енгізу 
тәсілі және оны тарату қабат қысымын ұстау әдістері қолданғанда жүзеге асы-
рылады. Егер әрбір жеке өндіру ұңғы тек қана сорапты компрессорлы құбырлар 
тізбегімен жабдықталса (ұңғы өнімін көтеруге механикалық құрылғылары жоқ 


328
болса), онда аталған тәсілді жасанды-фонтанды деп атаймыз. Жасанды-фонтан-
ды пайдалану тәсілі көбінесе, Ресейде кеңінен қолданылады.
13.1-сурет. Пайдалану тәсілдерінің және ұңғылардан өнімді 
көтерудің әртүрлі энергетикалық көздерінің классификациясы
2. Әрбір өндірілетін ұңғыға жасанды энергия механикалық, электрлік не-
месе гидравикалық құрылғы арқылы енгізіледі. Ұңғыға табиғи энергияны 
енгізу әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі: арнайы газ (ауа) немесе арнайы терең 
сораптармен ұңғыға энергияны енгізудің бірінші тәсілінде қарастырамыз.
Өндіру ұңғыларды пайдалану тәсілдерінің кейбіреулері ерекше орын алады, 
өйткені сұйық пен газдың табиғи энергиясын пайдалану арнайы жер асты (ұңғы 
ішінде) жабдықты қолдану арқылы орындалады.
Оларға келесілер жатады:
а) Ұңғыларды компрессорсыз газлифтен (ұңғы ішінде) пайдалану. Өнім 
көтерудің теориялық негіздері фонтанды-компрессорлы пайдалану 
сияқты. Тек қана бір айырмашылық, ол – өнімді көтеру үшін сол ұңғы-
ның газды қабатшаларынан алынатын немесе жеке газ қолданылады. 
Осы жағдайда компрессорларды қолдану болмайды.
ә) Ұңғыларды плунжерлі лифтен пайдалану. Өнімнің көтерілуі мұнайдан 
бөлінетін газдың табиғи энергиясынан арнайы плунжерлерді қолданумен 
болады. 


329
Ұңғының өнімін көтеру үшін пайдаланатын энергетикалық көздердің 
сұлбасын 
13.2-суреттен
көруге болады. Қарастырылған сұлба тек қана класси-
фикациялы түрде қарастырылады.
Ұңғы өнімнің жер бетіне көтерілуі тек қана қабат энергиясының есебінен 
болатын пайдалану тәсілді 
фонтанды пайдалану тәсілі
деп атайды.
13.2-сурет. Фонтанды арматура:
а – крест пішінді; б – үш жақты
Егер қабат және түп қысымдар арасындағы қысым айырымы сұйық 
бағанасының қарсы қысымы және үйкеліске кететін қысым шығындарынан 
асатын болса ғана ұңғының фонтандауы болады, яғни фонтандау сұйықтың 
гидростатикалық қысым немесе кеңейген газ энергиясының әсерінен болады. 
Көп ұңғылар газ энергиясы және гидростатикалық арынның берігу есебінен 
фонтандалады.
Мұнайда болатын газдың көтергіш қабілеті бар, ол мұнайға қысым көрсету 
формасында білінеді. Мұнайда газ неғұрлым көп болған сайын, коспаның 
тығыздығы аз болып, соғұрлым сұйық деңгейі жоғары көтеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет