Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет86/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   542
47-сурет. Күре тамыр мен қолқаның реф лексо-

генді аймақтары: 

1 - қолқа; 2 - күре тамыр; 3 - 

кү ре тамыр қойнауы; 4 - Геринг жүйкесі; 5 - күре 

тамыр түйіні; 7 - кезеген жүйке; 8 - тіл-жұтқыншақ 

жүй кесі; 9 - күре тамырдың ішкі тармағы




112

Жүрек – тамыр рефлекстері дененің кез келген бөлігінде ор-

наласқан сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіргенде де бай 

қа-


лады. Мысалы, ауырсыну түйсігінің əсерінен қан тамыр лары та-

рылып, қан қысымы жоғарылайды. Салқын ауа да қан тамы рын 

тарылтып, қысымды көтереді. Көру, есту, иіс анализаторлары ның 

рецепторларына тітіркендіргішпен əсер етсе, тамырлар тары лып, 

жүректің соғуы жиілейді. Жылылықтың əсерінен терідегі қан та-

мырлары кеңейіп, ішкі органдар тамырлары тарылады. Осын дай 

əртүрлі рецепторлардың тітіркенуінен туындайтын тамыр реак-

цияларын  тамырдың ұштасқан рефлекстері деп атайды. Бұл 

рефлекстер қан айналым жүйесінің жұмысын нақтылы жағдай-

ларға бейімдеп, жеке органдардың организмнің физиологиялық 

күйі не сəйкес қанмен жабдықталуын қамтамасыз етеді. 

Тері мен басқа органдардың тітіркенуінен басталатын жүрек 

пен тамыр рефлекстерінің көпшілігі аралық мидың гипоталамус 

аймағындағы жүйке орталықтарының қатысуымен атқарылады. 

Əрине, бұл орталықтар əсері сопақша ми мен жұлын арқылы 

жүзеге асырылады.

Орталыққа тепкіш жүйкелер арқылы рецепторлардан ке-

летін импульстер бірден жүрек пен тамыр жұмысын реттейтін 

орталықтардың эфференттік торшаларына бағытталмайды. Ал-

дымен олар торлы құрылымның (ретикулярлық формацияның) 

аралық нейрондарына жетеді де, олардың функционалдық 

күйін (қозғыштығын, лабильділігін, т.б.), онда туындайтын 

импульстердің күші мен жиілігін өзгертеді. Орталыққа келген 

импульстер легі əлсіз болса, аралық нейрондардың лабильділігі 

жоғарылайды, ал күшейсе – керісінше, төмендейді. Бұл ней-

рондарға əсер тым күшейіп кетсе, парабиоздық тежелу туын-

дап, олар эфференттік торшаларға импульс жіберуді тоқтатады. 

Демек, жүйке орталығының функционалдық күйімен, ондағы 

парабиоздық процестің сатысымен байланысты жүрек пен та-

мырға импульс жіберетін нейрондардың қызметі, осыдан реф-

лекс сипаты, өзгереді. 

Организмнің кез келген рефлекстік реакциялары (қимыл əре-

кет, қоректену, т.с.с.) жүрек пен қан тамырлары қызметіне əсер 

етеді. Қан айналым жүйесінің қызметіне шартты рефлекстер оңай 

қалыптасады. Жарыс алдында бəйгі аттар жүрегі жұмысының 

жиілеуі қалыптасқан шартты рефлекс айғағы. Демек, жүрек 

жұмысын үлкен ми жарты шарларында орналасқан орталықтар 

да реттейді. Үлкен ми сыңарлары қыртысында жүрек жұмысына 

əсер ететін орталықтың болатынын орыс физиологы В. Я. Дани-



113

левский 1874 жылы тəжірибе жүзінде дəлелдеген, ал 1886 жылы 

В. М. Бехтерев пен Н. А. Миславский мидың бұл бөлігінде қан 

қысымын реттейтін орталықтың да болатынын анықтаған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет