Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 1


Модуль құрылымы. Модульді іске қосу



бет151/210
Дата06.01.2022
өлшемі4,42 Mb.
#16437
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   210
8.7 Модуль құрылымы. Модульді іске қосу
Процедуралар мен функцияларды жеке модульге топтасты-руға болады. Модуль (unit) – мəтіні компиляциядан жеке (негізгі программаға байланыссыз) өтетін программалық бірлік. Егер мо-дуль компиляциядан нақты режимде өтсе, онда оның кеңейтілуі TPU болады. Қорғалған режим үшін – TPP.
Модуль құрылымы Турбо Паскаль тіліндегі программа құ-рылымынан өзгеше. Модуль төрт негізгі бөлімнен тұрады: та-қырып - UNIT қызметші сөзінен кейін жазылады; сипаттаушы бөлім (интерфейс) - INTERFACE қызметші сөзінен кейін жазы-лады (бұл жерде айнымалы, процедура, функция, тұрақты жəне осы модуль қолданатын басқа программалық модульдер қол жеткізе алатын мəндер типі сипатталады); орындалатын бөлім (ішкі) – IMPLEMENTATION қызметші сөзімен асталады (мұнда программа мəтіні жəне тек осы модуль ішінде қол жеткізуге бо-латын жергілікті объектілер жазылды); міндетті емес бөлім (ини-циализациялау секциясы) – орындалатын бөлімнен кейін BEGIN жəне END сөздерінің арасында жазылады (егер модульді инициа-лизациялау қажет емес болса, онда секцияға тек END қызметші сөзі жазылады).
Модульдің ішкі программаларын сипаттаған кезде қысқар-тылған тақырыптарды қолданған дұрыс (параметрсіз жəне функ-ция үшін нəтиже типін көрсетпей), мысалы, FORWARD директи-васын қолданғанда. Модуль UNIT қызметші сөзінен жəне модуль атынан тұратын тақырыптан басталады. Модуль аты міндетті түрде өзі тұрған файл атымен (PAS кеңейтілімі бар) сəйкес келу керек. Модуль құрылымы төмендегідей болып келеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет