2. Аралық жолдардың сигнатурасы. Стандарттық жол-
дар дың арасына бастиекті орнату мүмкіндігі кейбір дискі жүр-
гізушілердің ерекшелігіне жатады. Осы аралық жолдар, əдетте,
мəліметтерді жазу үшін жарамайды, өйткені олар стандартты
жолдарға соншалықты жақын. Стандарттық жолдарды пайдалан-
бай осы аралық жолдарды қолдануға болады, сонда стандарттық
көшіру бағдарламасы аралық жолды өткізіп жібереді.
3. Жазбаның құрсаулануын тексеру. Жазбаға рұқсат етіл-
ген кесігі желімденген дискілер шығару дискіні қорғаудың аса
қарапайым əдісі болып табылады. Бұл жерде дискінің сигна-
турасы оның кесігі болады, ол жабық болғанда дискіге жазуға
мүмкіндік берілмейді. Əдетте, жүктеу бағдарламасы дискіге жа-
зылуға ұмтылады жəне егер операция жүзеге асса, онда пайдала-
нушы дубликат-дискіні дайындайды деп саналады. Осы сигнату-
раны пайдаланғанда үлкен сақтық таныту қажет.