23 Windows амалдың жүйесі қауіпсіздік жүйесінің архитекту- расына мыналар кіреді: Жүйеге ену үдерістері (Logon processes) жүйеге ену тура-
лы пайдаланушылардың сұранымын өңдейді. Бұған пайдала-
нушылардың диалогтық ену терезесі арқылы жүзеге асырыла-
тын жүйеге интерактивтік бастапқы ену жəне қашықтағы комь-
пютерлерден Windows серверіне қатынауды ашатын қашықтан
ену үдерістері жатады.
Windows қауіпсіздік жүйесінің орталық бөлігі болып табыла-
тын жергілікті қауіпсіздік əкімшісі пайдаланушының жүйеге енугеқажет өкілеттігі барлығын тексереді. Бұл құрауыш қатынау
маркерін жасайды, жергілікті қауіпсіздік ережелерін басқарады
жəне нақтылықты интерактивті тексеру қызметін қамтама-
сыз етеді. Сонымен қатар ол аудит ережесін бақылайды жəне
қауіп сіздік мониторынан алынған хабарларды аудит журналына
жазады.