Эволюциялық модельдеу еліктемелік (имитациялық) мо-
дельдеудің бір түрі болып табылады. Оның ерекшелігі, модельдеу
үдерісінде модельдеу алгоритмі жетілдіріледі.
Оңтайлы шешімдерді тікелей іздеудің бейресми əдістерінің
мəні, адамның тек модельді құруға ғана емес, оны жүзеге асыру
үдерісіне де қатынасуында болып табылады.
ҚОРЫТЫНДЫ • Бейресми модельдеудің арнайы əдістері жүйелердің бей- ресми теориясын қолдануға негізделген. Жүйелердің бейресми
теориясының негізгі құрамды бөліктеріне: күрделі жүйелердің
архитектурасын жəне іс-қимыл жасау үдерістерін құрылымдау;
бағалаудың бейресми əдістері; оңтайлы шешімдерді іздеудің бей-
ресми əдістері жатады.
• Жүйелерді жобалау үдерісінде олардың сипаттамасын алу
қажет. Кейбір сипаттамаларды өлшеу арқылы алуға болады.
Басқалары талдаулық қатынастарды пайдаланып, сонымен қа-
тар статистикалық деректерді өңдеу үдерісінде алынады. Бірақ
келтірілген əдістермен алуға болмайтын күрделі жүйелердің
си
паттамалары бар. Ондай сипаттамаларға кейбір қауіптердің
жүзеге асырылу ықтималдығы, қорғау жүйесі тиімділігінің жеке-
леген сипаттамалары жəне басқалар кіреді.
• Есепті шешуді формалды алгоритмдерге келтіруге мүм-
кіндік беретін ақпаратты қорғау жүйесін модельдеу теория-
лары мен əдістеріне: анық емес жиындар теориясы; қақтығыс
теориясы; графтар теориясы; формалды-эвристикалық əдістер;
эволюциялық модельдеу жатады.