Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет101/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   158
Математика сабағынан үзінді: 
 
Тақырып: ”Көп таңбалы сандарды қосу және азайту” (тақырып тақтаға 
жазылып қойылады). 
Мұғалім:  Ойланып, бүгінгі сабақтағы әрекетіміздің мақсатын айтыңдар. 
Оқушылар: Көп таңбалы сандарды қосу мен азайтуға үйрену. 
Мұғалім:  Мақсатты осылай тез анықтауға не көмектесті? 
Оқушылар: Сіз тақырыпты хабарладыңыз, ал біз оны әлі өткен жоқпыз. 
Мұғалім:  Мақсатты тек тақырыпқа қарап қана анықтадыңдар ма? 
Оқушылар:  Жоқ.  Біз  екі  таңбалы  және  үш  таңбалы  сандарды  өткенде 
оларды  өзара  қосып  үйрендік,  ендеше  бүгін  көп  таңбалы  сандарды  қосып, 
азайтуға үйренуіміз керек. 
Мұғалім:    Сонымен  математика  сабағында  іс-әрекетіміздің  мақсатын 
анықтауға көмектескен шарттарды атайықшы. 
Оқушылар: Тақырыпты атау, ол туралы біліміміз, екі таңбалы  
сандар туралы білетінімізді еске түсіру. 
Мұғалім:    Сонымен,  біз  өтілген  материалды  еске  түсірдік.  Ендеше 
мақсатты  дұрыс  анықтау  үшін,  сабақтың  тақырыбын  мұқият  оқып,  ол 
тақырып бойынша не белгілі екенін еске түсіру керек, одан соң осы сабақта 
нені  үйренетініміз  туралы  ойлану  керек.  Кез  келген  әрекет,  оның  ішінде 
еңбек  әрекеті  де  мақсатты  анықтаудан  басталатындықтан.  мұғалім  бірнеше 
сабақ  бойы  осылай  сабақ  мақсатын  анықтауға  арналған  жұмыстар 


 
160 
ұйымдастырып,  әр  оқушының өз  әрекетінің мақсатын  түсінуге,  оның мәнін 
айта білуіне қол жеткізеді. Осы мақсатта мұғалім оқушыларға бір-біріне  іс-
әрекеттің  мақсатын  анықтауға  қажетті  шарттарды  атап,  оларды  негіздеп, 
айтып  беруге  тапсырма  ұсынады.  Бұдан  кейін  мұғалім  оқушылардан  бірге 
жазылған  оқу  және  практикалық  міндеттердің арасынан  оқу  міндетін  бөліп 
алып, оларды түсіндіруді сұрады: 
78 сурет бойынша балалардың құстар туралы әңгімелеуі; 
79 берілген сызба үлгі  бойынша бұйым құрастырып үйрену; 
80 оқып шығып, қысқаша әңгіме дайындау; 
81 көшіріп жазып, септік жалғаулы зат есімнің септіктерін анықтау; 
82 сызба үлгі бойынша макет құрастыру; 
83 оқулықтағы  сурет  бойынша  сөйлеуге  үйрену.  Бұдан  кейін  бастауыш 
сынып  оқушылары  мұғалімнің  көмегінсіз  алда  тұрған  жұмыстың 
мақсатын  анықтайды,  мұғалім  үй  тапсырмасын  бере  отырып,  мақсатын 
анықтауды талап етеді. 
Келесі  күні  бұл  тапсырма  тексеріледі.  Бұндай  жұмыстар  бірнеше  рет 
қайталанады.  Содан  кейін  ғана  оқушылар  әр  жұмыстың  мақсатын  өз 
беттерінше  анықтай  алады.  Мұғалім  оқу  міндетін  белгілей  отырып,  әр 
оқушы  өз  бойында  талаптылық,  қайсарлық,  тәуелсіздік,  ұйымдастыру-
шылық сияқты  адамға  кез  келген  жағдайда  қажет  болатын  ерік  қасиеттерін 
дамытатынына  оқушылардың  назарын  үнемі  аударып  отырады.  Одан  әрі 
берілген  оқу  міндеті  бойынша  тапсырма  құрастыру  жұмыстары 
жалғастырылады.  Бұл  жұмыс  оқушылардың  өз  бетімен  орындауына 
ұсынылады.  Мысалы,  тең  бөлікке  бөлу:  ”Ауданға  1884  т.тыңайтқыш  2-ге 
бөлініп  жеткізілді.  Алғашқыда  тыңайтқыш  24  вагонмен,екіншісінде  33 
вагонмен әкелінді. Вагондардың сыйымдылығы мен жүк көтергіштігі бірдей 
болса, ауданға бірінші және екінші кезектерде қанша тыңайтқыш әкелінген” 
есеп  құрастырылады.  Мұғалім  оқушыларға  осындай  тәсілмен  шығатын  өз 
есептерін  құрастыруға  тапсырма  береді.  Бұл  кезеңде  мұғалім  басқа  да 
жұмыс тәсілдерін қолданады (әдістемені қараңыз). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет