Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет22/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   80
МЕРЗІМДЕЛУ 
Орта тас
(Мезолит) – 10 – 6 мыңжылдық аралықтары. 
Әдебиеттер 
 
Изыскания по мезолиту и неолиту СССР. – М., 1983. 
Каменный век на территории СССР. – М., 1970. 
Красковский В.И. Памятники палеолита и мезолита Северо-Западного Причерноморья. – 
Киев, 1978. 
Матюшин Г.Н. Мезолит Южного Урала. – М., 1976. 
Мезолит СССР. Серия: Археология СССР. В.20 т. – М., 1989. 
Старков В.Ф. Мезолит и неолит лесного Зауралья. – М., 1980. 
Таймағамбетов Ж.К., Байгунаков Д.С. Қазақстанның тас ғасыры. – Алматы, 2008.
Формозов А.А. Проблема этнокультурной истории каменного века на территории 
европейской части СССР. – М., 1977.
Хотинский Н.А. Голоцен Северной Евразии. – М., 1977. 
Жаңа тас (неолит) 
 
Тас ғасырының соңында мұздықтар ерiп, Солтүстiк Еуропа мен Азияның 
көптеген жерлерi мұз құрсауынан босады. Қазiргi жер қыртыстары мен өсiмдiк 
дүниесiнiң (ормандар, орманды далалар, далалар) қалыптасып, мамонт секiлдi 
тас дәуiрi аңдарының жойылуы да осы тұста жүрдi. Төменгi тас дәуірі өткеннен 
соңғы уақытта адамдар садақ пен жебенi, бiрқатар қозғалыс көлiктерiн (қайық, 
шаңғы, шана), аң аулап, балық ұстайтын құралдардың жаңа түрлерiн ойлап 
тауып, балшықтан ыдыс жасауды, мата тоқып, киiм тiгудi үйрендi. Тас 
ғасырының соңында оңтүстiк аудандардың тұрғындары алдымен бақташылық 
пен егiншiлiкке өту арқылы прогресивтi өндiрушi шаруашылықтың 
қалыптасуына негiз салды. 
Тас ғасырының шарықтау шағы жаңа тас (неолит) кезінде өттi. Неолит 
дәуiрiнде әртүрлi аймақтардағы шаруашылық дамуы, жергілікті табиғат 
жағдайына байланысты әркелкi жүргенi байқалады. Еуразия жерінде жаңа тас 
дәуірі б.з.д. VІІ – VІ мыңжылдықтардан басталады. Оның аяқталуы да әртүрлі 
табиғи-климаттық аймақтарда әртүрлі уақытта жүрді. Керамиканың пайда 
болған уақыты жаңа тас дәуірінің басы болып есептеледі. Дегенмен, бұл ақиқат 
шартты сипатта болды. Жаңа тастың басында Орта Азия мен Еуразия 


кеңістігінің кейбір аймақтары (Кавказдың күнгей беті, Украина мен Молдова 
жерінде) шаруашылығында түбегейлi өзгерiстер қарқын алды. Айтылған 
жерлерде егiншiлiк пен бақташылық алдынғы қатарға шықты. Неолиттiк егiн 
шаруашылығының кейбiр белгiлерi Қара теңiз жағалаулары мен Молдованың 
бiрсыпыра аудандарында да анықталған. Жануарлардың кейбір түрін қолға 
үйрету секілді өндiрушi шаруашылық саласының қалыптасуына байланысты 
мал жүнiнен жiп иiру меңгерiлдi. Тоқыма iсiнiң жолға қойылуы киiм, 
қапшықтар, дорбалар тiгетiн және балық аулайтын аулар тоқитын жаңа 
шикiзаттар бердi. Қазбалардан табылған тастан, балшықтан, сүйектен жасалған 
жiп иiретiн ұршықтардың бастары тоқыма кәсiбiнiң неолиттен бастап кең қанат 
жайғандығын бiлдiредi. 
Неолитте тас өңдеу техникасында бірсыпыра өзгерістер болды. Тас балта, шот 
балта, қашаулар көбіне, ағаш өңдеуге негізделген үлкен де салмақты құралдар 
көп таралды. Сонымен қатар тас құралдардың орта тас кезінде көп таралған 
түрлері де қолданыстан қалған жоқ. Әсіресе, тас өңдеудің микролиттік және 
шақпа (отжимной ретушь) әдістері жалғасын тапты. Шақпа әдістер арқылы 
жебенің, найзаның ұштары мен пышақ, тескіштер жасалды. Пышақ, қанжар, 
найзаның ұштарына тіс салу арқылы құрама қарулар жасау тәсілі де дамыды. 
Балта, шот секілді шапқыш құралдарды тесу, жылтырату әдісі пайда болды. 
Сапталған балталар мен шоттар ағаштан үй салу мен қайықтар жасауды көп 
жеңілдетті. Шақпақ тастар негізгі шикізат көзіне айналды.
Балшықтан ыдыс жасау адамзат өміріндегі аса маңызды жетістіктердің бірі 
болды. Адамдар бұның алдындағы уақытта ағаштың қабығынан жасалған 
ыдыстарды, тоқыма кәрзеңкелерді пайдаланған деген пікір бар. Балшықтан
күйдіріліп жасалған ыдыстардың ойлап табылуы асты пісіріп жеуге мүмкіндік 
берді. Өз кезегінде піскен ет жеп, піскен ас ішу адам денсаулығының күшеюіне 
және өмір сүру мүмкіндігінің артуына зор үлес қосты. Алғашқы балшық 
ыдыстар түбі сүйірленіп келген, бүйірі томпақ, бір сөзбен айтқанда, бас жағын 
кесіп тастаған жұмыртқаға ұқсас болды. Алғашқыда ыдыс жасаудың 
қарапайым жапсырма және орама әдістері қолданылды. Біріншісі – матадан 
арнайы тігілген пішінқапқа құм толтырып, оның сыртына арнайы дайындалған 
балшықты жапсырып, ол кепкеннен соң пішінқаптағы құмды төгіп, матаны 
босатып алу арқылы жасалды. Екіншісі – кеспе тәріздес етіп есілген ұзын 
балшықты бірінің үстіне бірін шеңберлеп жатқызып, орау арқылы жасаған. 
Алғашқы ыдыстар барынша тұрпайы да шала күйдірілген еді. Солай бола тұрса 
да, ыдыстардың ойлап табылуы адамдардың ілгеріге қарай жасалған сәтті 
қадамы саналады.
Мата тоқу тәсілін адамның игеруі неолиттің келесі жарқын жаңалығы. 
Алғашқыда жіпті өсімдік (кендір мен қалақай) талшықтары мен 
жапырақтарынан дайындаған. Жануарларды қолға үйрету олардың жүнінен жіп 
иіруді игеруді жеделдетті. Тоқыма кәсібінің алғашқы тәжірибелері матадан 
киім, әртүрлі қапшықтар,сөмкелер, балық аулайтын аулар жасайтын маталар 


берді. Мекенжайлар мен жерлеу қабірлерінен көп кездесетін тас пен балшықтан 
жасалған, ортасы тесік дөңгелек ұршықбастар тоқыма кәсібінің неолит кезінде 
жаппай таралғандығын куәландырады. 
Неолиттік адамдар керамика, тоқыма секілді табиғатқа тән емес жаңа 
материалдар жасап, шаруашылықтың иемденуші түрінен (аңшылық, терімшілік 
және балық аулау), оның өндіруші түріне (егіншілік пен бақташылық) жаппай 
өте бастады.
Жаңа тас дәуірінде табиғат жағдайы мен географиялық жер жағдайына қарай 
даму деңгейі жағынан ерекшеленетін екі үлкен шаруашылық аймақ қалыптасты. 
Құрлықтың бір бөлігінде өндіруші шаруашылыққа негізделген мәдениеттер 
қалыптасса, екінші бөлігінде әлі де болса, иемденуші шаруашылық өзінің 
артықшылығын жоғалтпаған мәдени қауымдастықтар өмір сүріп жатты. 
Неолиттік мәдениеттердің өзіндік нұсқалары шоғырланған шаруашылық өзінің 
артықшылығын жоғалтпаған мәдени қауымдастықтар өмір сүріп жатты. 
Неолиттік мәдениеттердің өзіндік нұсқалары шоғырланған бірсыпыра 
аймақтарды бөліп қарауға болады. Олар: а) Ресейдің еуропалық бөлігінің 
оңтүстігі (Қырым, далалы және орманды дала аудандар); ә) Кавказ бен оның 
күнгей беті; б) Орта Азияның оңтүстігі; Солтүстік Орта Азия мен Қазақстан; в) 
Ресейдің еуропалық бөлігінің орманды жазығы; Урал мен Батыс Сібір; г) Байкал 
маңы мен Шығыс Сібір; ғ) Якутия мен Солтүстік- Шығыс Азия; д) Қиыр 
Шығыс. Осы аймақтардың әрқайсысында тас құралдарды жасау, шаруашылық 
бағыты, дәстүрі, ыдыс жасау және оны өрнектеу нақышы жағынан 
ерекшеленетін адамдар ұжымдары өмір сүріп жатты.
Неолиттiк тайпалардың Орта Азияны мекендеген бiр бөлiгi Еуразия 
құрлығында барлығынан бұрын б. з. д. 6-мыңжылдықта ерте егiншiлiк кәсіпке
көшкен. Осы тайпалар қалдырған ескерткiштердiң кешенi олардың iшiндегi 
бiршама жүйелі зерттелген қоныстың атымен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет