Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет19/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   80
Көне тас дәуірі өнері 
 
Адамзат өнерінің алғашқы үлгілері төменгі тас дәуірінде қалыптасты. 
Жоғарғы тас дәуірінде өнер үңгірлердің қабырғасына салынған хайуанаттардың 
суреттері, тас пен сүйектен жасалған кішкене нысандағы антропоморфты 
мүсіндер, тас плиталар мен сүйектерге салынған гравировка, барельефтер 
түрінде таралды. Үңгiрдегi суреттер Францияның, Испанияның, Италияның 
жерiнде ашылған. Соңғы жылдары Урал тауындағы Қап және Игнатиев
үңгiрлерiнен табылған мамонттар мен жылқылардың суреттерi үлкен ғылыми 
мәнге ие. Үңгiрлердiң қабырғаларына салынған мамонттардың, бизондардың, 
мүйiзтұмсықтар, бұғылар мен жабайы жылқылардың суреттерi, сүйектегi 
гравировкалар мен балшықтан жасалған әйелдер бейнеленген статуэткалар тас 


дәуiрi адамдарының тұрмыс тiршiлiгi, қоғамдық қатынастары және 
дүниетанымдарының қалыптасуын бейнелейтiн құнды дерек болып есептеледi. 
1879 жылы Испаниядағы Альтамир үңгірінен табылған жануарлардың 
суреттері алғашқы қауымдық өнерге деген көзқарасқа үлкен өзгеріс әкелді. 
Олар қызғыш түсті жосамен салынған безондар мен жылқылардың суреттері 
болатын. Қазіргі кезде төменгі тас кескіндемесі (живописі) сақталған қырыққа 
жуық үңгір белгілі. 1959 жылы ашылған Башқұртстандағы Қап үңгірі ерекше 
маңызды. Үңгірдің қабырғасы мен төбесіне мүйізтұмсық, мамонт және 
жылқылардың суреттері салынған. Қап үңгірі кескіндемесінің ашылуы негізгі 
маңызға ие болды. Өйткені осыған дейін мұндай суреттер Батыс Еуропа 
үңгірлерінен ғана табылған болатын. Сондықтан үңгірдегі сурет өнерін 
батысевропалық тұрғындар қалыптастырған деген жаңсақ пікір қалыптаса 
бастаған. Уралдағы бұл ашылу төменгі тас өнерінің қалыптасуына деген 
көзқарасқа жаңа тыныс берді. Көп ұзамай осындай жаңалық Игнатиев үңгірінен 
де ашылды. Төменгі тас дәуірі үңгір суреттері кейіннен Каменная Могила
Чаклина үңгірлерінен де табылып, зерттелген.
Палеолит өнері жануарлар мен адамдардың елеулі белгілерін барынша дәл 
көрсетуімен ерекшеленеді. Едәуір ертеректегі бейнелер сыртқы пішінді бір 
түсті, ал едәуір кейінгілері түрлі-түсті және жануардың формасы мен аумағын 
едәуір дәл береді. Ежелгі суретшілер жануарлардың ерекшелік белгілері мен 
қозғалыс күйін дұрыс көрсете білген. Жылқы, бұқа, бұғылардың шауып келе 
жатқан қалпы жиі салынған. Алғашқы дәуір суретшілері хайуандарды қалай 
көрсе, солай бейнелеген. Сондықтанда олардың денелері бір бетінен салынып, 
толық өлшемі сақталмаған. Солай бола тұрса да, сол дәуір суреттерінің өзі 
хабарлы сипат алғаны байқалады. Альтамирдағы жануарлар табыны, Ляско 
үңгіріндегі шапқан жылқылар суреттері, Лортэ апанындағы судан өтіп бара 
жатқан бұғылар көрінісі осындай түсінік береді.
Алғашқы қауымдық өнердің сюжеті оларды жасаған адамдар қандай ой мен 
сезім жетегінде болғанын аңғартады. Палеолиттік суреттер қоршаған ортаның 
шынайы көрінісін сипаттаумен шектелгенмен, оның мағыналық мазмұны терең 
еді. Көбіне, суретердің мағынасы алғашқы адамдар тіршіліктің жануар дүниесі 
мен қоршаға ортаға тәуелді екендігін білгендігін сездіреді.
Жоғарғы тас дәуірінде тастар мен сүйектердің бетіне оймалап (гравировка) 
сурет салу кең таралды. Оларда адамдар мен жануарлардың дене бітімі 
тұтасымен немесе жеке бастарын оймалап салу жиі кездеседі. Осындай 
туындылардың үлкен тобы Украйнадағы Чакалин, Чуринг және Мелитополь 
дағы Мамонт үңгірлерінен табылған.
Оймалап салынған суреттердің бірнеше тобын бөліп айтуға болады. Олар: 
жеке және тұрмыстық көрініс, мазмұнды және жеке бейнелер, күнтізбе 
жүйесінің таңбалары, т.б. Мальта үңгірінен табылған кішкене жалпақ тастағы 
суретті археологтар күн мен айдың жылдық айналу жүйесін көрсететін 
күнтізбелі-астрономиялық кесте болуы мүмкін дейді. Палеолиттік өнердің 


келесі түрі – кішкене нысандағы мүсіндік бейнелер. Олардың көпшілігі 
әйелдердің бейнесі, жынысы байқалмайтын антропоморфты денелер мен 
жануарлар, құстардың бейнелері де кездеседі. Мұндай 5-тен 12 см келетін 
мүсіншелер тастан және сүйектен жасалған. Әйелдердің мүсіндері Еуразия 
кеңістігіндегі көптеген жоғарғы тас ескерткіштерінен табылған. Жыныстық 
белгілерін ерекше көрсеткен әйел мүсіндері еуропалық ескерткіштерде жиі 
кездеседі. Сібірлік мүсіндер жіңішке және ұзынша келеді. Әйел мүсіндерінің: 
классикалық, дұрыс дене бітімдегі; жіңішке, сұңғақ бойлы; етжеңді, бөксесі мен 
қос анарлары үлкен, жуан қарын сияқты үш түрі белгілі. Мүсіндердің 
барлығында дерлік бас бедері жалпылама беріледі, көпшілік жағдайда жүздері 
болмайды. 
Қазба кезінде әйелдердің мүсіндері көбіне, ошақтың басынан немесе арнайы 
ойықтардан табылады. Осыған байланысты олар ұжымдық жУраларды (ырым) 
өткізумен байланысты деген пікір қалыптасқан. Кейбір ғалымдар жекелеген 
әйел мүсіндері жаратушы ананың символын білдіреді дейді. Әйел мүсіні 
палеолиттік жеке адамның бейнесі деген пікірлер де айтылған. Қалай болғанда 
да статуэткалардың көптігі мен жаппай таралуы белгілі бір деңгейде жаратушы 
әйел құдайға табынушылықтың болғанын білдірсе керек. Әйел мүсіндерінде сол 
кездегі қоғамның тұтастығы мен отбасының бірлігіне, ұрпақтардың көбеюі мен 
өсуіне себепші болған аналардың шынайы және мифтік келбеті бейнеленсе 
керек. Статуэткалар өзінің мағыналық және мазмұндық сипатына қарай бабалар 
рухы мен аңшылық дуаларға байланысты қандайда бір ұжымдық әрекеттерді 
өткізу қызметін атқарған деуге келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет