Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


КІРІСПЕ  Пәннің мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет4/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
КІРІСПЕ 
Пәннің мақсаты мен міндеттері: 
Біз адам қоғамының қалыптасып дамуы 
жайлы тарихи деректердi зерттеу арқылы танып бiлемiз. Дерек ретінде 
адамзаттың өткен тарихынан мысқалдай болса да мәлiмет беретiн кез келген зат 
есептеледi. Тарих ғылымында деректердi үлкен екi топқа бөлiп қарастыру 
қалыптасқан. Оның бiрiншiсi – жазба, екiншiсi – заттай деректер. Археология 
екiншi топқа жататын заттай деректердi зерттеумен айналысады. Заттай 
дерекке, қайсыбiр заманда адам баласының қолынан шыққан кез келген бұйым 
жатады. Олар атқарған қызметiне қарай еңбек құралдары, қару-жарақтар, 
тұрмыстық заттар болып топтастырылады. Осындай танымдық деректерден 
басқа, ғылымда археологиялық ескерткiштер деген түсiнiк те бар. 
 
Археологиялық ескерткiштер: мекенжайлар және жерлеу ескерткiштерi 
болып екiге бөлiнедi. Археологиялық ескерткiштердiң басым көпшiлiгi осы екi 
топқа кіреді. Бұлардың ешқайсысына қатысы жоқ ескерткiштер бар. Олар: 
өндiрiстiк құрылыстар мен рухани мәдениет жәдiгерлерi. Бұлардың бiрқатары 
мекендердiң iшiнде (шеберханалар, мешiттер, храмдар т.б.), бiрқатары 
мекендерден тысқары жерлерде (суару жүйелерi, тастағы таңбалар, кен алған 
орындар т.б.) орналасуы мүмкiн.
Ежелгi адамдар тұрып, өз тiршiлiгiнiң iздерiн қалдырған мекен-жайлар 
археологиялық ескерткiштердiң iшiндегi ең көп таралған түрi. Осындай мекен-
жайлардан үйлердiң қалдықтары жиi кездеседi. Темiр ғасырына жататын, 
сыртында қорғаныс құрылыстары бар мекенжайлар археологияда қалашықтар 
деп аталады.
Археологиялық ескерткiштердiң келесi бiр түрi – жерлеу ескерткiштерiнiң 
де ғылыми маңызы үлкен. Жерлеу ескерткiштерiне тастан салынған склептер, 
үстiне тас немесе топырақ үйiлген обалар, түркi дәуiрiнiң зираттары және 
қарапайым жер қабiрлер жатады. Бiздiң елiмiзде жерлеу ескерткiштерiнiң ең көп 
тараған түрi – жер қабiрлер мен үстiне топырақ немесе тас үйiлген обалар. 
Мекенжайларды қазу барысында мамандар ежелгi адамдардың тiршiлiк 
iздерi сақталған қабат – мәдени қабатқа тап болады. Мәдени қабаттың қандай 
тереңдiкте жатқаны мен оның қалыңдығы аса маңызды. Мәдени қабаттың 
қандай тереңдiкте жатқанына және одан табылған заттарға қарап, бұл жердi 
адам баласы қашан және қанша уақыт мекендегенiн анықтауға болады. 
Мысалы, темiр ғасырының мекенжайлары жердiң бетiне жақын орналасса, тас 
дәуiрiнiң тұрақтары әдетте жердiң бетiнен едәуiр тереңдiкте сақталған. Кейде 
бiр мекенжайдың орнында әртүрлi археологиялық кезеңдерге жататын бiрнеше 
мәдени қабат кездесуi мүмкiн. Мекенжайдағы тiршiлiк үздiксiз ұзақ уақыт 
жалғасқан жағдайда мәдени қабат бiрiнiң үстiне бiрi түседi. Оларды құрамында 
ешқандай археологиялық артефактiлер кездеспейтiн, құмнан немесе топырақтан 
түзiлген аралық қабат бөлiп жатуы мүмкiн. Бұндай жағдайда мекенжайдағы 
тiршiлiк белгiлi бiр уақыт аралығында үзiлiп, араға белгiлi бiр уақыт салып 
қайта жалғасқан деуге болады.


Археологиялық мәдениет түсiнiгi бiр мезгiлде, бiр жерде дамыған 
шаруашылығы мен құрылымы жағынан бiр тектес ескерткiштерден алынған 
еңбек құралдары, қару-жарақ, ыдыс-аяқ, әшекей бұйымдары секiлдi 
археологиялық заттардың кешенiн қамтиды. Кейде археологиялық мәдениет 
өздерiнiң шаруашылығы мен рухани дамуы жағынан бiр-бiрiне жақын, шығу 
тегi, тiлi, материалдық және рухани мәдениетi ортақ бiр этникалық адамдар 
қауымдастығына тән болуы мүмкiн. Археологиялық мәдениеттер әдетте, 
шартты түрде алғаш зерттелген жердiң атымен (Атбасар, Андрон, Беғазы-
Дәндiбай т.б.) немесе археологиялық ерекше белгiлерiне қарай (Катакоба, 
Бесшатыр, Тасмола т.т.) аталады. Археологиялық мәдениет заттай деректердi 
жiктеу (классификация) мен жүйелеудiң (систематизация) негiзi болып 
есептеледi. Барлық археологиялық заттар мәдениеттiң қайсы бiр түрiне жатады. 
Адам қоғамының тарихын олардың негiзгi еңбек құралдарының қандай 
материалдан жасалғандығына қарай археологиялық кезеңдеу қалыптасқан. Осы 
кезеңдеуге орай бүкiл адамзат тарихы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет