Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет50/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   80
Сеймин-Турбин мәдениеті 
ескерткіштері зерттелген. Мәдениет өз атауын Горькийдің маңындағы Сейма 
темір жол бекеті мен одан 1500 км жерде, Пермнің жеріндегі осы мәдениеттің 
турбинск тобына жататын үлкен ескерткішінен алады. Осы түрдің ескерткішіне 
Омбы маңындағы Ростовка зираты да жатады. Бұл топтың жақсы зерттелген 
ескерткіші – Кама жағалауындағы Турбинск селосы маңындағы зират. Сеймин 
және Турбин ескерткіштерін бір мәдениетке біріктіруге бола ма? деген 
сұрақтың төңірегіндегі пікірталас осы күнге дейін жалғасып келеді. Көпшілік 
ғалымдар мәдениетті сеймин-самусь деп атағанды дұрыс көреді. Сонымен бірге, 
сеймин-самусь қатарына Сібірдің қола заттары үқсас, бірақ керамикасы мен 
шаруашылық бағыты жағынан ерекшеленетін Кротов, Окунев мәдениеттерін 
қосқысы келеді. 
Сеймин-Турбин 
мәдениеттің қоныстары осы уақытқа шейін 
ашылмаған. Жерлеу ескерткіштері де көп емес. Олар үстінде үйіндісі жоқ, 
жерлеу заттарының ішінде тас пен жоғары сапалы қоладан жасалған құралдар 
көп кездеседі. Әсіресе, соғыс қарулары жиі қайталанады. Қанжарлардың 
сабының басына салынған жабайы аңдар мен жануарлардың стильді бейнелері 
жиі қайталанады, әсіресе, жылқының көркем бейнесі мен бұғының бастары 
салынған. Зоолықтар қанжарлардың басында бейнеленген жылқылардың 
сорттары Батыс және Оңтүстік Алтай мен Шығыс Тянь-Шаньда таралуы мүмкін 
дегенді айтады. Турбин жерлеуінен алынған пышақтағы арқарлардың бейнесін 
зерттеу барысында да осындай түйін жасалған. Археологтар пышақтың тегі 
алтайлық деген болжам айтады.
Алты қырлы шот-балталар өте сапалы жасалған. Ұңғысы қуыс найзаның 
ұштары сыртқы формасы мен жасалу тәсілі жағынан Бородино көмбесінен 
табылған найзаның ұшына ұқсас. Турбин жерлеулерінің бірінен күмістен 
жасалған найзаның ұшы табылған. Ростовка жерлеулерінің бірінен шыққан 
пышақта аттың тізгінінен ұстап сырғанап бара жатқан шаңғышы бейнесі бар. 
Сеймин-Турбин тайпалары жылқы өсірген деп есептелінеді. Жылқыны жұмысқа 
жегумен қатар мініс көлігі ретінде пайдаланған. Тас құралдардың ішінде 
шақпақ тастан жасалған жебенің ұштары, қыстырма тістер, ұсақ қырғыштар, 
нефрит пен хрусталдан жасалған моншақтар табылған.
Металургия мен тас өңдеу тәсілі жағынан Сеймин-Турбин тайпалары Саян 
мен Алтайға жақын. Тас және қола құралдарды жасайтын шикізаттарды да сол 
аймақтан алған. Бірақ мәдениеттің батыс тобы Уралдың, шығыс тобы Алтайлық 
металл көздерін пайдаланған. Сондықтан болар, Сеймин-Турбин тайпаларының 
тегі Саян мен Алтайдан келген деп түсіндіріледі. 


МЕРЗIМДЕЛУ 
Ортаднепр мәдениетi – б.з.д. ХХҮ –ХҮ ғасырлар арасы.
Фатьянов мәдениетi - б.з.д. 2 – мыңжылдықтың аралығы. 
Абашев мәдениетi – б.з.д. ХҮ – ҮП ғасырлар арасы. 
Сеймин-Турбин мәдениеті - б.з.д. ІІ – ші мыңжылдықтың екінші ширегі. 
Әдебиеттер 
Артеменко И.И. Племена Верхнего и Среднего Поднепровья в эпоху бронзы. – М.,1967. 
Бадер О.Н. Древнейшие металлургия Приуралья. – М., 1964. 
Горбунова В.С. Бронзовый век Волго-Уральской лесостепи. – Уфа, 1992. 
Косарев М.Ф. Бронзовый век Западной Сибири. – М., 1981. 
Крайнов Д.А. Древнейшая история Волго-Окского междуречья. Фатьяновская культура2-го 
тысячелетия до н.э. – М., 1972. 
Матющенко В.И., Синицина Г.В. Могильник у деревни Ростовка вблизи Омск. – Томск, 1988.
Молодин В.И. Эпоха неолита и бронзы лесостепного Объ-Иртышья. – Новосибирск, 1977. 
Стоколос В.С. Культуры эпохи раннего металла Северного Приуралья. – М., 1988. 
Черных Е.Н. Древняя металлургия Северной Евразии. – М., 1989. 
Эпоха бронзы лесной полосы СССР//Археология СССР.В 20 т. – М.,1987. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет