Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Еуразияның қола ғасыр өнері



Pdf көрінісі
бет51/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   80
Еуразияның қола ғасыр өнері 
 
Археологиялық зертеулердің маңызды салаларының бірі – қола дәуірінің 
өнері. Бұл дәуірден қалған өнер туындылары мерзімделуі жағынан: энеолит пен 
ерте қола, дамыған және соңғы қола өнері деп екіге бөлініп қарастырылады. 
Осынау үлкен аймақтың жеке аудандарындағы өнер туындылары өзіндік 
ерекшеліктерімен ажыратылады. Қазіргі қолда бар археологиялық материалдар 
негізінде Солтүстік Еуропаның, Сібірдің, Орта Азияның және Кавказдың 
тұрғындарының өнері жайлы жеке-жеке айтуға болады. Қола дәуірі өнері 
туындылары ішінде ыдыстардың сыртындағы өрнектер ерекше орын алады. 
Қазіргі заман ғылымы осы өнер таңбаларының идеялық және бейнелік әлемінің 
дүниетанымдық мәнін аша алған жоқ. Сонымен қатар керамикалық өрнектер 
өнердің мәдени тегінің негізгі анықтаушысы белгісі болуы мүмкін. Әртүрлі 
мүсіндер өнер туындыларының ішінде елеулі орын алады. Олар түрлі 
көркемөнер нысанында қола дәуірінің барлық мәдениеттерінде кездеседі. 
Сонымен қатар металдан жасалған бұйымдарды көркемдеп безендіруге үлкен 
көңіл бөлінген. Өкінішке орай, сүйек пен ағаштан жасалған туындылар бізге 
жетпеген.
Полиметалл дәуірі өнеріне байланысты: қола ғасыры өнері дегеніміз не? Оны 
қандай деңгейдегі өнер деп есептеуге болады? деген тосын сұрақ туындайды. 
Мәселе, бір қарағанда, қарапайым болып көрінгендей емес. Мәселе ежелгі өнер 


туындысына біздің қазіргі өнерге деген көзқараспен қарауымызда. Бірақ ежелгі 
замандағы өнердің орны қазіргі өнер рөліне қарағанда басқаша болды. Ол кезде 
өнер тіптен басқаша мағыналық сипатта, кейбір жағдайларда ақпараттық
мазмұн атқарды. Мәселен, қазіргі өмірдегі жазу ісі немесе шартты белгілер 
сияқты. Сондықтан алғашқы қауымдық өнерге қатысты бұл термин шартты 
сипатқа ие.
Қола ғасыры өнері сол замандағы бақташылық пен егіншіліктің кең 
таралуымен қатысты қалыптасқан күрделі дәуірдің дүниетанымын сипаттады. 
Бұл дүниетанымның өзіне тән ерекшелігін өмір сүру көзінің, күннің, қоршаған 
ортаның адам әлеміндегі алатын орнын танып, білуге деген танымның 
планеталық сипатынан байқауға болады. Олар өздерін қоршаған ортаны, 
адамдар дүниесін меңгеруге деген талпынысын өздерінің өнер туындылары 
арқылы жеткізді. Өмірдің көзіне айналған астық дәні мен жануарлар оларға 
құдайдай көрінді. Табиғаттағы түсініксіз шырғалаңдар, өмір мен өлім идеясы 
олардың өнерінде орын алды. 
Қола ғасыр көркем өнері дамуының мерзімдік жағынан екі кезеңіне көңіл 
аударсақ, онда ерте кезеңге тән төмендегідей ерекшеліктерді байқауға болады. 
Бүкіл орманды аймақ пен Қиыр Шығысты қамтыған солтүстік аудандарда тасқа 
салған суреттер мен ыдыс сыртын өрнектеу өнердің неолиттік дәстүрі әрі қарай 
дамығандығы байқалады. Өзінің стилі, жасалу техникасы мен сюжеті жағынан 
неолит пен қола ғасыры өнерінің арасындағы шекараны дәл басып айыру қиын. 
Бұл кезде шаруашылықтың өндіруші түрі таралған оңтүстік аудандарда едәуір 
өзгерістер болды. Өнерде болған елеулі өзгерістер қатарында күн белгісі, өсу 
идеясын беру, өсімдік өрнегі, иірім, табиғаттағы қайта жаңғыру мен жоғалу, 
өмір ағашы бейнелерін айтуға болады. Олар өлі және тірі табиғаттың, 
өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлемінің етене бірлігі, олардың дамуының 
кезектігін, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің тірі жанмен өзара байланысы, 
өмір мен өлім туралы терең толғақтан өткен көркем де шарты түсініктер. 
Осының бәрі ыдыстардың өрнегі мен петроглифтерде өзіндік көрініс тапқан. 
Өндіруші шаруашылық дамыған өңірлерде құдайға теңелген алуан түрлі 
мүсіндер таралды. Мұнда қызыл, қара және ақ бояуларды пайдаланған жаңа 
көркемдік әдіс пайда болады.
Далалық аймақтағы ежелгі өнердің ерекше түріне тас мүсіндер (балбал 
тастар) кіреді. Олардың ең көнелері мал өсіріп, егіншілік пен металл өндіру 
қалыптаса бастаған энеолит дәуіріне жатады. Б.з.д. ІІІ мыңжылдықтың соңы 
мен ІІ мыңжылдықтың басындағы окунев мәдениеті кезіндегі ұсынтастар – 
солардың бірі. Бұл мәдениеттің өнер туындылары әрі күрделі, әрі қиял ғажайып 
келеді. Негізгі белгілерінің сәйкестігіне (көзінің, мұрнының және баскиімінің) 
қарай оларды үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа жататын бейнелер көп 
емес. Оларға тән ерекшелік бетке киілген маскаларында. Онда көздері екі 
дөңгелек түрінде белгіленіп, мұрындары белгіленбейді, көзінің жоғарғы немесе 
төменгі жағынан көлденең салынған сызықтары бар. Жоғарғы жағында күннің 


шапағы тәріздес сызықтары болады. Мұрындары кейде екі нүкте түрінде 
беріледі. Кейбір бейнелерде үш көз бар. 
Екінші топтың бейне тастары да көп емес. Олардың екі көзі үлкен, мұрны 
бедерлі келген жасанды беттен тұрады. Бұларда көлденең сызық пен басындағы 
күн шапағы секілді сызығы болмайды. 
Үшінші окунев мәдениетіне етене тән және мол тараған топты күрделі 
бейнелер құрайды. Бұндай жасанды беттер адам жүзін формасы жағынан ғана 
елестетеді. Оларда аңдардың бас бейнесін елестетер кейбір элементтер әлсіз де 
болса кездесіп отырады. Бұл топтағы жасанды беттер көлденең сызықтармен 
үшке бөлінген. Басынан жоғары қарай бағытталған мүйізге немесе өніп келе 
жатқан бүршікке ұқсас құлақшалар шығып тұрады. Әдетте, адамның жүзіне 
ұқсас сопақ сызық шектелген жасанды бет көлденең сызықтармен үшке 
бөлінген. Жоғарғы бөліктегі үш шеңбердің екі шеткісі көзге ұқсайды. Қақ 
маңдайда тағы бір шеңбер салынған. Маңдайдағы шеңберлер кейде екі қатар 
сызықтан, кейде нүктелерден түзілген доғадан тұрады. Олар күннің шыққан, 
сәскедегі және батар кезіндегі көрінісін бейнелейтін секілді. Мүсін тастардың 
барлығында бірдей кездесетін салярлық таңбалар олардың міндетті атребуты 
іспеттес.
Қызыл бояумен орындалған күнбасты жалған беттер Енисей өңіріндегі 
жартастарда, Таулы Алтайдағы Каракөл зиратында кездеседі. Б.з.д. ІІІ ғасырға
жататын Каракөл зиратын қазу кезінде басынан нұр шашып тұрған 
антропоморфты бейне тастар табылды. Жерлеулердің бірінен қызыл сырмен 
антропоморфты бейне салынған бес жалпақ тас шыққан.
Окуневтік баған тастардағы жалған беттер қосымша бейнелермен 
толықтырылған. Зерттеушілер оларды тәж немесе бас киім деп түсіндіреді. Тас 
мүсіндердің көпшілігінде жоғары қарай өсіп келе жатқан өсімдікті көз алдыңа 
елестететін сызықтар кездеседі. Бұл ұсын тастарды адам бейнесі деп айту қиын. 
Олар тек формасы жағынан ғана антропоморфты. Ал композициялық көрінісі 
жағынан жерді жарып, жоғары қарай өніп бара жатқан көшетті елестетеді. Күн 
құдайы бейнеленетін петроглифтер Еуразия даласында жиі кездеседі. Күн 
шапақты басты бейнелер таулы аймақтағы Саймалы-Тас киелі кеніші мен 
Қазақстандағы Тамғалы кешенінде де кездеседі. Окуневтік бағантастарда 
кездесетін бұқалардың бейнесі көз тартады. Әзербайжандағы Гобустан 
кешенінің суреттерінің ішінде бұқа бейнесі, Каракөлдің тақта тастарында 
мүйіздердің сызбасы орын алған. Мүйіздер Алдыңғы Азия жерінде рәсімдік 
белгі ретінде танымал. Бұғаулы бұқалар бейнесі Монғолия территориясынан 
табылған. Осының бәрі энеолит пен қола ғасыры тұрғындарының 
мифологиялық дүниетанымы мен ғұрыптық түсініктерінде бұқаның ерекше 
орын алғандығын білдіреді. Әйелдердің керамикалық мүсіндері энеолиттік 
егіншілік мәдениеттерінде (триполь, анау, намазга) ерекше орын алды. 
Трипольдық бейнелер мен анаулық мүсіндердің өзіндік ерекшеліктеріне 


қарамай олар мағыналық жағынан біртұтас екенін аңғаруға болады. Оларды 
ұрпақ таратушы ана құдай культіне табынумен байланысты деуге болады.
Б.з.д. ІІ мыңжылдықтың орта тұсында өнерде, әсіресе, орманды және оңтүстік 
аймақтарда айтарлықтай өзгерістер болды. Ең бастысы ыдыстарды өрнектеудегі 
өзгерістерді айтуға болады. Орманды жолақта тарақ тәріздес штамп өрнегі 
тұрақты дамыды. Дәл осы кезде далалық аймақтарда ыдыстың сыртын 
геометриялық өрнектеу тәсілі кең орын алды.
Андрондықтардың ыдыстарды өрнектеу дәстүрі ерекше құбылыс болды. 
Нақты да әсем келетін геометрялық нақыщтар өрнектеудің жетілген түрі деуге 
келеді. Ыдыстардың ернеулері әдетте, үзік сызықтармен қисық және түзу етіп 
салынған үшбұрыштармен, мойны көлденең жолақтармен, батырып салынған 
нақыштармен безендіріледі. Ыдыстардың иығы мен денесі үзік сызықтар мен 
үшбұрыштар кезектесіп салынған әсем өрнектермен көмкерілген. Тығыз да мол 
нақыштан құралған өрнектер тарақ тәріздес затпен батырып салынған. 
Өрнектердің әсем және дәл жасалғандары сондай, олардың қайдан басталып, 
қай жерде аяқталатынын анықтау қиын. Ыдыстардың сыртқы безендіру 
нақышы егіншілік пен өсімдік символикасымен ұштасатындығына дау жоқ. 
Ыдыстардың түбіне салынған свастикалық таңбалар да осыны растайды.
Қола ғасырының соңғы кезеңінде далалық аймақтар ыдыстарының сыртын 
өрнектеу қарапайым күйге ауысады. Меандралық өрнектер жойылып, 
өрнектерді бөліктерге бөлу азаяды. Бірақ батырып салынған үшбұрыш, ромба 
тәріздес өрнектер сол қалпында сақталған. Ұсақ мүсіндерді жасау қола дәуірінің 
соңында жан-жақты сипатқа ие болады. Олар – қоладан, мыстан құйылып, 
тастан қашалған, сүйек пен балшықтан жасалған антропоморфты және 
жануарлар мүсіндері. Қола заттарға бұғының, тауешкінің және басқа да аңдар 
мен құстардың басын, стильденген мүйіз, құлақ және көз салынған 
өрнектерден тұратын қолданбалы өнер қалыптасты. Тастағы таңбалар өнерінде 
үй жануарларының (Түйенің, бұқаның) бейнесі, соғыс арбаларының суреттері, 
жануарлардың балалау көріністері маңызды орын алды. Осындай сюжеттер 
Таңбалытаста, Саймалытаста, Алтай мен Енисейдің ескерткіштерінде көп 
кездеседі. Петроглифтерде жалған жүздер (маска) елеулі орын алды. Едәуір 
кейінгі дәуірлерде қарқынды дамыған аң стилі қола ғасырдың соңында пайда 
болған. 
* * * 
Мыс пен қола үстем болған үш мыңжылдықта адам баласы ілгерілеудің 
орасан жолынан өтті. Қоланың пайда болуы өмірдің жаңа қатынасына өтуге 
негіз болды. Қолдан қорытып жасалған құралдар мен қарулардың түрі артты. 
Жаңа да сапалы құралдар қола дәуірі шаруашылығының дамуына жаңа тыныс 
берді. Игерілген тың жерлердің аумағы артты. Жер жырту техникасы жетілді. 
Мал санын көбейту далалақ жерлерді игеріп, біртіндеп малшылықтың жартылай 


көшпелі және көшпелі түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы бүкіл 
аймақтарға таралды.
Қола дәуірі тұрғындарының қозғалысы артып, айырбастың өрісі кеңейді. 
Тұрғындардың өзара байланыс аясы ұлғайды. Айырбас, әсіресе, металл 
айырбасы кең қанат жайды. Кавказ бен Қазақстанның қоласы батыс пен 
шығыстан табылған. Кен өндірген жерлерде кеншілер мен қолөнері 
шеберлерінің маманданған қоныстары пайда болды. Соңғы жылдардағы зерттеу 
нәтижелері Қазақстанда өндірілген қалайының Батыс Еуропаға дейін 
апарылғандығын көрсетті.
Тұрмыстың жақсаруы тұрғындар санының артуына ықпал жасады. Өндіріске 
жаңа күштердің келуі алғашқы қоғамның әлеуметтің-экономикалық дамуын 
жылдамдатты. Рулар ішінде шағын жанұялардың оқшаулануы аяқ алды. Үлкен 
ұжымдардың орнында ұсақ топтар көбейді. Қоғамның әлеуметтік жүйесі 
күрделіленіп, тайпалық ақ сүйектер оқшауланды. Осындай теңсіздіктердің орын 
алғанын жерлеу ескерткіштерінің құрылысы мен онда қойылған заттарының 
арақатынасынан көреміз. 
Тайпаның іші мен тайпалар арасында мүлік теңсіздігі пайда болды. Байыған 
көршілердің жері, жайлауын кеңейтуге деген құлшынысы рулар арасындағы 
өзара қақтығысқа әкелді. Осыдан барып мекендердің сыртынан қорғаныс 
құрылыстарын салу жаппай орын алды.
Әлеуметтік теңсіздіктің қалыптасуы таптардың туындап, оның ең кедейленген 
өкілдері құлдар мен оларды қанаушы құлиеленушілердің қатынасын реттеуші 
жүйе – мемлекеттің алғашқы үлгілерінің нышаны қола дәуірінің өзінде құрыла 
бастады. Еуразия құрлығында Орта Азия мен Кавказдың тұрғындары қола 
дәуірдің өзінде таптық қоғам табалдырығына аяқ басты.
Бірақ іргелілеу қатынасы барлық жерлерде бірдей болған жоқ. Өндіруші 
күштің дамуына тежеуші болған бірсыпыра заңдылықтар болды. Осындай 
тежеуші себепті металл қорының тапшылығына байланысты бірталай 
аудандардағы 
шаруашылықтардың 
тұтынушылық 
сипатта 
қалуымен 
байланыстыруға болады. Осы себептер құрлықтың үлкен аумағында орын алды. 
Түсті металл тапшылығына байланысты қалыптасқан жағдайды қалпына 
келтіру темірдің игерілуімен жүзеге асты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет