Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет58/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80
тасмола мәдениеті
деген атпен белгілі. 
Мәдениеттің ерекшеленетін белгісі – «мұртты қорғандар» деп аталатын жерлеу 
құрылыстары. Бұл қабір үстіне салынған кешен үлкен өлшемдегі негізгі обадан, 
оның шығыс шетіндегі кіші обадан және оның екі шетінен шығысқа қарай 
созылған ені 1,5-2 м., ұзындығы 20-200 м, етіп қаланған тас тізбектерден 
тұрады. Жартылай доға түріндегі тізбектердің бас пен аяқ жағында қорған 
тәріздес кішкене үйінділер де жиі кездеседі. Негізгі обаның астындағы қабірге 
марқұм мен түрлі заттар қойылады. Ал кіші обаның астында жерлеу болмайды. 
Әдетте, оның астына жылқының мүшесінің кейбір бөліктері (басы, басқа 
сүйектері), қыш ыдыс, кейде екі ыдыс қойылады. Мұртты қорғандардың түрлі 
нұсқалары таралған. Мысалы, кіші обалары екеу, шығыс және оңтүстік шетінде 
орналасқан немесе негізгі обаның үстінен түскен түрлері де кездеседі.
Мерзімделуі жағынан тасмола мәдениеті екі: б.з.д. VІІ-VІ ғасырларға және 
б.з.д. Ү-ІІІ ғасырларға жататын кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең жерлеу 
заттарының белгілі бір құрамымен ерекшеленеді. Олар – қоладан жасалған 
жебенің ұштары (екі қанатты сыртқа қарай шығып тұрған қуыс ұңғылы және үш 
қанатты тұтас сапты), сабының басы жұмыр қанжарлар (акинак), түрлі 
ауыздықты жүгендер және қола айналар.
Тасмола мәдениетінің жерлеулері – Тасмола, Қарамұрын, Нұрманбет 
обалары. Жерлеу заттарының ішінде құмтастан жасалған сопақша немесе 
дөңгелек келген, кішкене аяғы бар құрбандық табақшалары да кездеседі. 
Жерлеу заттарының ең көп таралған түрі – құмыра ыдыстар. Олардың барлығы 
да қолдан жапсыру әдісімен жасалған. Сүйектен, қоладан және алтыннан 
жасалған жануарлардың мүсіндері мен бедерлі бейнелері де табылған. Алтын 
жапырақтармен қапталған барыс, арыстан секілді жыртқыш аңдардың да 
бейнелері кездеседі. Жерлеу заттарының ішінде көптеп кездесетін қару түрі – 
жебенің ұштары. Олар ұңғысы қуыс екі қанатты және ұңғысы тұтас үш қанатты 
түрде кездеседі. Қарамұрын І қорымындағы обалардың бірінен ішінде 46 жебесі 
бар былғарыдан тігілген қорамса шыққан. Жебелер қорамсаға үш қатар етіп 
салыныпты. Жебелердің сабы 60 см болғаны анықталды. Жебенің ұштарының 
қоладан жасалғаны – 42, сүйектен- 3, ағаштан жасалғаны- 1. Қарудың басқа түрі 
– қола акинактар жекелеген жағдайда кездеседі. Б.з.д. VІ ғасырға мерзімделетін 
сондай қанжарлардың бірі Нұрманбет ІV қорымындағы обалардың бірінен 
табылған.


Антропологиялық зерттеу қорытындылары Қазақстанның ежелгі тұрғындары 
еуропойдтық нәсіліде болған. олар кейіннен шығыстан енген моңғолтектес 
нәсілдердің ықпалымен аздап өзгеріске ұшыраған. Мамандардың мәлімдеуінше 
б.з.д. І мыңжылдықта Қазақстанның тұрғындарында 20%-ға дейін моңғолтектес 
элемент болған. 
Сол кезеңде әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамудың жоғары 
сатысына көтерілген далалық тайпалар әлемдік тарихта елеулі із қалдырды. 
МЕРЗІМДЕЛУ 
Б.з.д. VII-III ғасырлар - Қазақстан мен Орта Азияның ерте көшпелі тайпалары. 
Б.з.д. V-II ғасырлар - Берел патша қорымы. 
Б.з.д. VІІ – «аң нақышы» деген аталған өнер түрінің таралу аймағы. 
Б.з.д. VІ - ІІІ ғасырлар тасмола мәдениеті ескерткіштерінің мерзімделуі.
Б.э.д. VІІ – IV ғасырлар 
Б.з.д. ІІІ – б.з. IV ғасырлар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет