Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


алғашқысы - Сiбiр мен Алтай жерi; сосын



Pdf көрінісі
бет54/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80
алғашқысы - Сiбiр мен Алтай жерi; сосын
Қазақстан территориясы мен Орта Азия; соңғысы – Кавказ, Қырым мен 
Қара теңiздiң солтүстiк жағалаулары;
Заттай деректер мен жерлеу ескерткіштерін бір-бірімен салыстыра отырып 
зерттеу нәтижелері скиф-сақ мәдениетінің ол баста Шығыста қалыптасып 


біртіндеп Батысқа қарай ауысқандығын көрсетеді. Скиф-сақ әлемінің
археологиялық тұрғыдан жақсы зерттелген жерлеу ескерткіштері мен оларға 
қойылған заттай деректердің уақыттық өлшемі Таулы Алтай, Оңтүстік Сібір 
мен Шығыс және Орталық Қазақстан жерінде б.з.д. VІІІ – VІІ ғасырларға
мерзімделсе, Қырым мен Қара теңіздің солтүстік жағалауларында б.з.д. V-ІІІ 
ғасырларға жатады. Осы көрініс ерте темір ғасырындағы көшпелі және 
жартылай көшпелі тайпалар мәдениетінің темір қазығы Шығыста қалыптасып, 
уақыт өте Батысқа қарай дамыған деген тұжырым жасауға негіз береді.
Таулы Алтай мен Оңтүстiк Сiбiрдiң сақ тайпалары 
Сiбiрдiң темiр ғасыры Тағар мәдениетiнен басталады. Ол өз атауын 
Енесайдағы осы аттас аралдан алған. Осы мәдениетке жататын сақ 
қорғандардың бiрiн алғаш 1722 ж. I – Сiбiр экспедициясының мүшелерi қазған. 
ХIХ ғ. соңынан Тағар мәдениетiнiң көптеген ескерткiштерiн А.В.Адрианов 
зерттеді. Қазан төңкерiсiне дейiн 100-ден астам қорғандар қазылған. 
Тағарлықтардың жерлеу ескерткiштерiмен қатар кен алған орындары, суғару 
жүйелерiнiң қалдықтары да жақсы зерттелген. Ғылымға тағарлықтардың екi 
туысқан мәдениетi белгiлi. 1. Далалы аймақтардағы Тағар мәдениетi: Байнов 
(б.з.д.VП - VI ғ.), Подгорнов (б.з.д. VI –V ғ.), Сарағаш (б.з.д. IV - Ш ғ.) 
кезеңдерiнен тұрады. 2. Орманды аймақтардағы Тағар мәдениетi: 
Большепичугин (б.э.д. VI – V ғ.), Тисуль (б.з.д.V – IV ғ.), Назаров (б.з.д. Ш ғ.) 
кезеңдерiнен тұрады.
Тағарлықтардың жерлеу орындары үйiндiнiң астында орналасқан жалпақ 
тастардан немесе қима бөренелерден жасалған қабiрлер түрiнде. Бiр обаның 
астында бiрнеше ондықтардан тұратын қабiрлерде кездеседi. Оларды рулық 
жерлеу камералары деп атайды. Жерленген кiсiлердiң қасынан сабының 
басында дөңгелек тесiгi бар пышақтар, Сақтардыкiне ұқсас қанжарлар, күмiс 
тескiштер, ұшып бара жатқан бұғылар бейнеленген қола айналар, т.б. әшекей 
бұйымдары табылады. Жеке тұрған үлкен обалар мәдениеттiң соңғы кезеңiнде 
пайда болады. Олардың астында болатын жалғыз қабiрлерге өлген кiсi өртелiп 
күлi қойылған.
Негiзгi шаруашылығы – егiншiлiк пен мал өсiру. Оны қабiрлерден жиi 
кздесетiн қола орақ, кельт-кетпен секiлдi еңбек құралдары мен тары, арпа 
секiлдi дақылдардың дәндерi растайтын. Егіншіліктің болғаны жайлы су 
шығарған арықтардың іздері Тагарлықтардың жыртпалы егіншілікті игергендігі 
туралы да белгі береді. Шаруашылықта мал өсіру де өзіндік маңызға ие болған. 
Қабiрлердiң барлығынан кездесетiн қой, сиыр, жылқылардың сүйектерi, 
қоладан жасалған iлмешектермен безендiрiлген ат әбзелдерi мал шаруашылығы 
жайынан хабар бередi. Шестаковск қалашығының маңындағы жартасқа 
салынған сызбалардың сипаты тағарлықтардың отырықшы тiршiлiк кешкендiгiн 
сездiредi. Онда шатыры төрт қырлы етiп жабылған, iшiнде дөңгелек ошағы бар 
ағаштан салынған үйлер бейнеленген. Тагарлықтардың жүзге жуық 


мекенжайлары белгілі. Бірақ олар қажетті деңгейде зерттелмеген. Дегенмен, 
уақытша және тұрақты мекендердің болғаны анықталған. Қоныстардағы үй 
жайлары жартылай жертөле және жердің бетіне салынған үйлер түрінде 
кездеседі.
Тагарлықтарда ыдыс жасау кәсібі жеткілікті дамығанымен қолөнері денгейіне 
жетпеген. Құмыра жасау кәсібінің жоғары деңгейін білдіретін құмыра жасайтын 
шарық қондырғысы өте сирек кездеседі. Ыдыстың жаңа түрі күпшіндер пайда 
болған. Тері илеу, былғары өңдеу, сүйекті кесу жақсы дамыды, жіп иірудің 
көрсеткіші саналатын мал жүнінен жасалған маталар жиі табылады. Қаруды 
еркектер мен қатар әйелдердің де жерлеулеріне қойған. Мәдениеттің соңғы 
кезеңінде қарулар мен құралдардың орнына қоладан, темірден арнайы жерлеу 
үшін жасалған олардың көшірмелері қойылатын болған. Жерленген марқұмның 
түр-түсін айнытпай қайталайтын балшық бетперделер (маскалар) осы кезеңде 
пайда болады. Гипс тәріздес теракота бетперделер (маскалар) кейінгі тагар 
мәдениетінде кең таралды. Мәдениеттің соңғы кезеңінде таптардың қалыптасу 
үрдісі байқалады. Дегенмен, жерлеу ғұрпында мүлік теңсіздігін білдіретін 
белгілері көп байқалмайды.
Өздерінің физикалық түрі жағынан тагарлықтар еуропоидтық нәсіл өкілдері 
афанасевтіктердің жақын ұрпағы саналады. Б.з.д. ІV-ІІІ ғасырларға жататын 
тағарлық обалардың астында жүздеген қарулы еркектер бірге жерленген үлкен 
қабірлерді көреміз. Бұл көрініс тайпалардың арасындағы жер үшін болған 
қарулы қақтығыстардың жиілегенін білдіреді. Сонымен қатар патшалардың
алып обалары да жиі кездеседі. Солардың бірі – б.з.д. ІV-ІІІ ғасырлардағы 
Салбық обасы. Оның биіктігі 11 м, көлденең ені 500 м, онда қарт-көсем (патша) 
алдын ала өлтірілген құлдарымен бірге жерленген. Сол заманның өзінде тонауға 
ұшыраған обаның астынан үлкен жұмыр тастардан жасалған алып құрылыс 
шықты. Оба астындағы тас қоршаудың өлшемі 70х70 м, биіктігі 6 метрге дейін 
жетеді. Қоршауға қойылған кейбір жалпақ тастар 75 шақырым жердегі 
Енесайдың жағасынан әкелінген. Тас диірменнен басқа жерлеу заттары 
жоғалған. Дегенмен, обаның алып өлшемі мен жерлеу ғұрпының салтанаттығы 
Салбық обасын патшаныкі деуге негіз болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет