Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет79/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Палеоантроптар
 
(ежелгі адамдар) – мустье дәуіріндегі адамдардың қазып 
алынған қаңқаларының жалпылама атауы. 
Пектораль
– кеудеге тағылатын зергерлік әшекей. 
Петрогифтер
– жартасқа, жеке тастардың бетіне қашап салынған суреттер мен 
бейнелер. Едәуір нақтырақ атауы – тасқа салған өнер. 


Пифос
– астық және басқа да тағамдар сақтауға арналған аузы үлкен қыш 
құмыра. 
Плейстоцен – 
геологиялық кезең. Ол төменгі, ортаңғы және жоғарғы болып 
бөлінеді. Бүдан 2 млн. жылдар бұрын басталған, голоценге дейін созылған. 
Кейде оны ұлы мұздық дәуірі деп те атайды. 
Примат
– сүт қоректілердің жоғары тобы, адам тектес маймылдар (маймыл 
адамдар). 
Пышақ тәрізді тас тілік
 
— призма пішінді өзектастан шағылып алынған 
үзынша келген еңбек кұралдары. 
Ритон 
– сүйектен жасалған ыдыс.
Соққы алаңқайы
– 
тас құралдарын соғып немесе шағып түсіруге арналған 
жазық бөлік. 
Стратиграфия
– 
археологияда адам қызметі мен тіршілігінің нәтижесінде 
қалыптасқан мәдени қабат. 
Тасаттық орны
(құрбандық шалатын орын) – тастан, кесектен, ағаштан 
салынған құрбандық шалатын орын. Археологияда мұндай орындар табиғатпен, 
жерлеу кешендерімен байланысты.
Тас тілік
 – 
ені ұзындығынан кемінде екі есе кіші, үзынша келген тас қүралы. 
Тас жаңқа
 
(отщеп) – тасты өндеу барысында оның сыртынан шағып алынған 
бөліктері. 
Тас өзек 
(ядрище) – тас құралдары шағып алынған жұмыр тас кесегі. 
Теракота 
(тіке мағынасында күйдірілген балшық) – шыңылтырланбаған 
керамикалық заттар: ыдыстар, ұсақ пластиналар, ұршықтың бастары, аулар мен 
тоқыма қондырғысының салмақ тастары, адамның күлін жерлеуге арналған 
сауыттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет