Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Дромос  – жерлеу құрылысын салған кезде арнайы салынған немесе тонаушылар  салған жерасты жолы.  Дротик



Pdf көрінісі
бет77/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Дромос 
– жерлеу құрылысын салған кезде арнайы салынған немесе тонаушылар 
салған жерасты жолы. 
Дротик 
– лақтыратын қысқа найза. Сабы ағаштан, ұшы тастан, сүйектен, 
металдан жасалуы мүмкін. 
Жарқыншақ – 
кез келген жаңқалаудан қалған өнім; вентраль бөлігі сақталған. 
Соққы қырының болуы міндетті емес. 
Жертөле 
– жерді қазып салынған ежелгі үйлер. Кейбір жерлерде ХХ ғасырға 
дейін болған. 
Зооморфты
– жануарлар жасалатын стиль. Тастан, балшықтан, ағаштан, 
сүйектен және металлдан жануарлар кейпінде жасалатын зат. 
Ингумация
– өмірден өткен кісінің денесін қабірге жатқызып жерлеу ғүрпы. 
Индустрия
 – 
археологияда өңдеу тәсілдері. 
Инкрустация
(зерлеу) – жасалған затты қосымша басқа материалдармен (ағаш, 
тас немесе асыл металлдар) зерлеу тәсілі. 
Катакомба
– қабірдің бүйірін кеулеп қазған қосымша ұясы болатын жерлеу 
құрылысы. 
Каура
– Үнді мұхитында кездесетін ұсақ ұлудың қабыршағы. Еуразия 
кеңістігінде неолит дәуірінен бастап айырбас құралы, әшекей ретінде 
қолданылған. 
Кескіш – 
шеті үшкір, үзын келген тас тілікшесі. 
Кенотаф
– марқұмның денесі жерленбеген жалған қабір.
Клектон – 
тасты өңдеу техникасы. Тасты шағып, оның жаңқасынан түрлі 
тұрпаттағы құралдар жасаған. 


Кливер
– 
өзектастан немесе ірі тас жаңқасынан жасалған тас кұрал. Ашель 
мәдениетіне тән. 
Кремация
– өмірден өткен кісінің денесін өртеу. 
Кромлех 
– тігінен тұрғызылған тастардан түзілген шеңбер, жерлеу кешенінің 
қосымша құрылыстары.
Леваллуа – 
тас өңдеу техникасы. Алдымен мұқият дайындалған дөңгелек 
пішінді өзектастан тас тіліктері соғылып алынады. Одан соң тас тілігінен 
қажетті кұрал жасалады. Бір жағы дөңестеу. келесі беті жалпақ болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет