Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет76/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Вкладышты қарулар 
– тістері қыстырма тастардан құрастырылған ағаш немесе 
сүйек пышақ, қанжар, найза және орақтар. 
Гарпун 
сүйектен немесе металдан жасалған лақтыратын қару ұшында тістіктері 
болады. Кейбір мамандар тас дәуірінде тас тіліктері гарпун ретінде 
пайдаланылуы мүмкін деп те пайымдайды. 
Голоцен 
(грекше «тұтас» және «жаңа») – мұздықтан кейінгі дәуір, Жердің 
геологиялық жасының соңғы төрттік (антропоген) кезеңінің, қазіргі жалғасып 
жатқан бөлігі. Оның басы Еуропа құрлығы мұздықтың еруімен сәйкес келеді 
(12 – 11мың жыл бұрын ). 


Гоминидтер
 
(лат. homo — адам) — приматтар отрядының отбасы: адам тәрізді 
маймылдар, қазып алынған және қазіргі адамдар. 
Гривна
– металды жалпақтап немесе бұрап жасаған мойынға тағатын әшекей.
Денудация – 
тау жыныстарының бұзылу үдерістерінің жиынтық атауы және 
табиғи күштер (су. жел, т.б.) әсерінен олардың төмен сырғуы, жылжуы. 
Дефляция
– 
тау жыныстарының табиғи күштер әсерінен бұзылуы, үгілуі, 
өзгерістерге ұшырауы. Қуаң аймақтардағы ескерткіштердің жас шамасын 
анықтауда палеолиттанушылар тас құралдарының сыртқы қабатындағы 
өзгерістерге сүйенеді. 
Диадема
– асыл металдан жасалған басқа киетін тәж тәріздес киім. Кейде 
былғарыдан да жасайды.
Диірментас
– дән үгітуге (тартуға) арналған, екі бөліктен тұратын тас құрал. 
Екі бөліктен тұрады. Олардың бір беттері тегіс болады. 
Дольмен
– қола және ерте темір дәуіріне жататын жерлеу құрылысы. Тік
тастардың үстінен жалпақ таспен жауып жасалады. 
Доместикация – 
жабайы аңдарды қолға үйрету. 
Дресва 
– балшықтан жасалған ыдысқа қосатын ұсақталған тас. Ол керамиканың 
сапалы және жарылмауы үшін пайдаланылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет