Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет108/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   147
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

2.3. Адами ресурстар
Бұл бөлімде өнім сапасына әсер ететін персоналды арнайы дайындықпен қамтамасыз ету қарастырылады. Персоналды дайындау жоспары мекеме үшін актуалды тапсырмалармен тығыз байланысты.
Стандарт персоналды дайындау мен оқыту нәтижелерін міндетті тіркеуді қарастырады.
2.4. Инфрақұрылым
Мекеме өнімге қойылатын талаптарға сәйкестігіне қол жеткізу үшін қажетті инфрақұрылымды жұмыс күйінде ұстау, анықтау және қамтамасыз ету қажет. Инфрақұрылым – бұл ғимараттар, құрылғы, қамтамасыздандыру қызметтері, көлік және т.б.
3. ӨМІРЛІК ЦИКЛ ПРОЦЕСТЕРІ
3.1. Жобалау және дайындау
Бұл бөлім өндірілетін өнім немесе көрсетілетін қызметтің жаңа түрлерін жобалау кезінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың сапасын қамтамасыз етуге арналған.
Ол бірнеше бөлімшелерден тұрады:
Жалпы жағдайлары. Мекеме өнімнің берілген сипаттамасын қамтамасыз ету мақсатымен жобалауды басқару және бақылау жөніндегі процедураларды дайындау және жұмыс күйінде ұстап тұруы тиіс.
Жобалау мен дайындау процестерін жоспарлау. Мекемеде жобалау мен дайындау кезінде жүргізілетін операцияларға жауапкершілігі анықталатын жоспарлар жасалады. Жоспарлар жобалау процесі қалай орындалатынын анықтауы қажет, сондай-ақ персоналдың барлық деңгейлерге қатысуын және жобалау тобының басқа қызметкерлермен өзара қарым-қатынасын бекітуі қажет.
Кірістік жобалау мәліметтері. Жобалауға қажетті талаптарды алу жүйесі анықталуы тиіс. Жобалау тобы жобаға қойылатын қарама-қарсы талаптарды талдау кезінде маркетингтік қызметпен белсенді қарым-қатынас жасауы тиіс.
Шығыстық жобалау берілімдері. Олар құжат түрінде рәсімделіп, талаптар, есептеулер және талдаулар түрінде ұсынылуы тиіс; кірістік жобалау талаптарына жауап беруі тиіс; қабылдау критерийлерінен тұруы қажет.
Жобаны тексеру. Мекеме басшылығы компетентті персоналдың жобаны тексеру функцияларын жоспарлайды, құжаттандырады және бекітеді. Жобаның мұқият және құжат түрінде рәсімделуін қамтамасыз ету қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет