Э=( Ш1-Ш2)∙В2, мұндағы В2- жаңа өнімді өндірудің жылдық көлемі.
Өздік құнын төмендету есебінде жаңа өнімге кеткен шығындар ескерілу керек
2. Бірыңғай қолдану еңбегінің жаңа құралдарын өндіру және қолдану (технологиялық қондырғылар), яғни өнімді сапалық мінездемелері жоғарылатылған өнімге ауыстыру (нәтижелілік, төзімді, жақсартылған қолдану көрсеткіштері және тағы басқа). Мысалы , автомобильдің ескірген үлгісін шығаруды тоқтату, жаңа үлгі шығаруға көшу.
3. Жаңарған немесе жетілдірілген еңбек құралдарын шығару және қолдану, оларға материалды ресурстар жатады, мысалы материал, жанармай, шикізат, қолданылуы 1 жылға жетпеген құралдар.
4. Аналогы жоқ жаңа техниканы қолдану, сонымен қатар жаңа өнім және сапасы жоғары жаңа өнім (бағасы жоғары), осы өнім арқылы халықтың қажетін қанағаттандыру үшін өңделген. Яғни осыған дейін болмаған жаңа өнім өндіру, бірақ ғылыми-зерттеулер, ғылымның және техниканың прогресі арқылы пайда болу мүмкін өнімдер. Мысалы, ұялы телефондар, салыстырмалы тұрғыда жақында пайда болған.
Жылдық экономикалық нәтижесі есептеу экономикалық есеп практикасында кеңінен қолданылуда. Оның өлшемі жылдық шығындардың ескі нұсқаумен салыстырғанда, үнемділігін көрсетеді. Жылдық экономикалық нәтиже өлшемін есептеу жаңа техника объектісін мінездейтін көрсеткіштерге байланысты ажыратылады, өндіріс сферасында, сонымен қатар қолданыста.
Қарастырылған өндіріске инновациялық жетістіктерді ендіру 4 бағыттың әрқайсысы ғылыми-техникалық прогресс аймағында өзінің ерекшелігі бар, оны жылдық экономикалық есептеу кезінде ескереді. Басқа көрсеткіштермен бірге жылдық экономикалық есеп өндіріске капитал салымының экономикалық нәтижелілігін есептеудің маңызды элементтерінің бірі болып табылады.
Нәтижелік көрсеткіші ретінде рентабельность көрсеткіштер жүйесін кеңінен қолданады, ол пайда көлемі шығындарға қатынас арқылы анықталады. Зерттеу мақсатына байланысты бұл қатынастың бөлімі мен алымы бөлшектелген болуы мүмкін, яғни пайда мен шығын бөлініп жазылуы мүмкін, ол рентабельность көрсеткіштерінің есептелуін толық және нақты жүргізуге мүмкіндік береді, рентабельдікке максималлы әсер еткен параметрлерді анықтауға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылғандай сапаны жоғарылату негізі жаңа, прогрессивті құрал қолдану арқылы жетуге болады, ол машинаның жаңа құрылымы, жаңа материал және тағы басқа. Осы бағытта жаңа өнімнің экономикалық нәтижелігін бағалау өте маңызды. Жоғары бәсекелестік жағдайында өнімді қолдану нәтижелігіне талаптар сапасын және үнемділігін жоғарылату арқылы қол жеткізеді. Өнім бәсекеге төтеп беруі, қажет тұтынушылық қасиеттері болуы керек. Бұл талаптар Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруіне байланысты актуалдығын жоғарылатады.
Нарықтық экономиканың еркін бағалау жағдайында сапаның экономикалық нәтижелігін бағалау 2 қасиет - құрылымның сапа жағдайы мен өнімді шығару технологиясы бойынша. Бағалау F пайдалылық функциясының өзгеруіне байланысты, сату бағасы экономикалық нәтижелігі критерийі мен өнімнің өзіндік құны С оны жоспарланған уақытта шығару Т . 11.1.- суретте көрсетілгендей қисық құн мен өнімнің қисық бағасы арасындағы Q1 және Q2 нүктелерімен шектелген координат осінің бөлігі өндірістің рентабельность көрсетеді және өнімнің сапасын жоғарылатуға негіз болып табылады. С және Р қисықтар арасындағы Q0 нүктесі оңтайлы сапаға сәйкес пайданы көрсетеді.
Өнімнің құрылымын бағалау 2 нұсқамен: өнімнің моральды ескірмеуі және ескіруімен іске асады.
1. Өнімнің моральды ескіруінсіз Р бағасы P=p∙N. Мұндағы р – 1- жаңа өнімнің жобаланған бағасы, N- өнімнің партиясы.