Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен



Pdf көрінісі
бет86/160
Дата17.10.2023
өлшемі2,45 Mb.
#117673
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   160
Іскерлік қатынас
ҥрдіс ретінде қатысушылар арасында ӛзара байланысты 
орнатуды, бірлескен қызметті атқару, әріптестікті орнату ҥшін белгілі бір 
ақпараттық мәліметтермен алмасуды және т.б. қарастырады.
Қызмет аясындағы байланыстар әріптестік бастамалардан және ӛзара 
қажеттіліктерден, жалпы іс мҥдделерден тҧрады. Мҧндай байланыстар еңбек 
пен шығармашылық белсенділікті арттырады және тиімді бизнестің маңызды 
факторы болып табылады. 
Кәсіпкердің ӛзінің әріптестерімен сӛйлесе білуі, ӛзін – ӛзі біліктілігі 
жағынан жоғары деңгейде кӛрсете білуі оның табысқа жетуінің негізгі 
факторларының бірі болып табылады. Мамандардың зерттеу қортындысы 
бойынша кез – келген адамның жетістігінің 15 % кәсіби біліміне, ал қалған 
85% ӛзі жҧмыс істейтін ҧйым мҥшелерімен оның араласу қабілетіне 
байланысты деген тҧжырым бар. 
Іскерлік қатынас қҧрылымы бес негізгі фазадан тҧрады:
1.
Әңгімелесудің басталуы. 
2.
Ақпаратты беру. 
3.
Дәлелдеу. 
4.
Әңгімелесушінің дәлелдерін мойындамау (мойындамау). 
5.
Шешім қабылдау. 
Әңгімелесуді дҧрыс бастау ҥшін тӛмендегідей жағдайларды ескеру қажет: 
әңгімелесу мақсатын дҧрыс сипаттау, әңгімелесушілерді ӛзара таныстыру, 
тақырыптың аталуы, сҧхбаттасуды жҥргізетін кісіні таныстыру, мәселелерді 
талқылау тәртібін жариялау.
Әңгімелесуді аяқтау кезінде іс-әрекеттер тәртібі кері болуы керек: сӛзді 
әңгіме жетекшісі алады және ол әңгімелесушіге берумен аяқтайды. 
Әңгімелесушімен жеке байланысты орнату кезінде неге назар аудару 
қажет?
Біріншіден, анық, жинақы және мазмҧнды кіріспе сӛздер мен тҥсіндіруге. 
Екіншіден, әңгімелесушіге міндетті тҥрде аты, жӛнін толық атау арқылы 
әңгімелесу.
Ҥшіншіден, әңгіме арқауына сәйкес сырт келбеті болуы керек (киім, 
жинақылық, әлпет тҥрі). 


140 
Әңгіме барысында әңгімелесуші тҧлғаға сыйластықпен қарау, оның ойлары 
мен қызығушылықтарына назар аудару кез-келген әңгімелесудің айнымас 
бӛлігі болып табылады.
Әңгімелесушінің ескертулері, оның сізді белсенді тҥрде тыңдап 
отырғандығын, сіздің сӛйлеуіңізді бақылап отырғандығын, сіздің дәлелдеріңізді 
мҧқият тексеріп, бәрін ой елегінен ӛткізіп отырғандығын білдіреді. Ескертулері 
жоқ әңгімелесуші – ол ӛз ой-пікірі жоқ адам деп саналады. Сондықтан да 
әңгімелесу барысында әңгімелесушінің ескертулері мен дәлелдерін, нәтижеге 
жетудің кедергілері ретінде қарастырудың қажеті жоқ. Қайта олар әңгімелесуді 
жеңілдетеді және сол арқылы істің мәні туралы не ойлайтындығын байқауға 
болады.
Ескертулердің келесідей тҥрлері бар
:
айтылмаған ескертулер, қате 
тҥсініктер, кҥлкілі ескертулер, ақпарат алу мақсатындағы ескертулер, ӛзін 
таныту мақсатындағы ескертулер, субъективті ескертулер, қарсылық таныту 
мақсатындағы ескертулер. 
Оларды толығырақ қарастырайық. Ескертулердің себептері, оларға қалай 
әсер ету керектігі ӛте маңызды роль атқарады.
Айтылмаған ескертулер.
Бҧл әңгімелесуші айтып ҥлгермейтін, айтқысы 
келмейтін немесе айта алмайтын ескертулер. Сондықтан біз оларды ӛзіміз 
анықтап, оның кері әсерін болдырмауымыз керек.
Қате тҥсініктер.
Олар әңгімелесуші кӛзқарасы қате болған жағдайда
ыңғайсыз ескертулерді тудыратын себептерге жатады. Оның ҧстанымының 
эмоционалды негізі бар, сондықтан барлық логикалық аргументтер мҧнда 
қажетсіз. Біз әңгімелесушінің аргументтері агрессивті тҧрғыдан негізделуінен
ерекше талаптар қойып, сӛйлесудің тек теріс жақтарын ғана кӛретінін 
байқаймыз. Мҧндай ескертулердің себебі, сіздің тарабыңыздан дҧрыс емес 
тәсіл, сізге деген антипатия, келеңсіз кӛріністер болып табылады. Демек, сізге 
әңгімелесушінің кӛзқарасы мен мотивтерін анықтап, ӛзара тҥсінушілікке келуге 
ҧмтылу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет