Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет3/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 

Әрбір халық өзінің дүниеге келу жолында әртүрлі мифтерді ойлап шығарды. 
Дүниенің пайда болуы мен тәртібі, жақсылық пен жамандық, көркемдік пен 
түрсіздік, адам өмірінің мәні мен құндылығы т.с.с. сұрақтардың жауаптары халықтар 
аңыздарында әртүрлі дәрежеде берілген. Ол жағалай коршаған табиғаттың 
ерекшелігіне және соған сәйкес қалыптасқан халық тіліне байланысты болса керек. 
Бірақ тереңірек қарасақ, әртүрлі халықтардың дүниеге қойған сұрақтары, 
ізденістерінің бір-біріне ұқсас жақтарын да көруге болады. Олар: Дүние қалай пайда 
болды? Кім адамды тудырды? Адам неге өледі? Адамдардың сөйлейтін тілдері неге 
әртүрлі? Аспан мен жер неге бір-бірінен бөлінген? т.с.с. 
Әрине, бұл сұрақтарға берілген жауаптар бүгінгі адамдарды қанағаттандырмайды, 
оған ол тұрпайы болып көрінеді, өйткені мифтерде табиғаттың құбылыстары сиқырлы 
күштер арқылы түсіндіріледі. Мифтер - адамзаттың «балалық тарихындағы» 
туындылары. Сол кездегі адамдар мифтердегі айтылатын сиқырлы күштерге өзінің 
ықпалын тигізе алатынына кәміл сенді. Сонымен олар жағалай қоршаған ортаны, 
табиғаттың зор күштерін қиялдық жолмен түсінуге және игеруге тырысты.. 
Жалпылай келе, әртүрлі халықтардың мифтерін белгілі бір топтарға бөлуге 
болады. Мифтердің ең үлкен бөлігінін бірі космогониялық (kosmos - грек сөзі, әлем, 
genesis- грек сөзі, дүниеге келу, пайда болу) аңыздар. Оларда көбінесе Дүниенін 
алғашқы жағдайы хаос (сһаоs - грек сөзі, шексіз шашылған бытыраңқы дүние) 
арқылы көрсетіледі. Сиқырлы құдіретті күштің іс-әрекеті арқылы хаос жер мен көкке 
бөлініп, Дүниеге тәртіп келіп, әртүрлі табиғаттың құбылыстары дүниеге келеді. 
Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге 
болады? 
Біріншіден, миф алғашқы пайда болған қоғамдық сананың формасы ретінде өзінің 
ішінде болашақта дүниеге келетін өнер, дін, саясат, мораль сияқты құбылыстардың 
элементтерін бойында сақтайды. Сондықтан мифті ғалымдар коғамдық сананың 
синкретикалық түрі деп есептейді (synkretismos- грек сөзі, қосылған, араласқан
бөлінбеген деген мағына береді). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет