Оқулық бб. 02 «Жол машиналары, автокөліктер мен тракторларды пайдалану»


тарау. ТАС МАТЕРИАЛДАРЫН ӨНДІРУГЕ ЖӘНЕ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰРАЛ- ЖАБДЫҚТАР



бет67/104
Дата15.11.2023
өлшемі17,2 Mb.
#124164
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   104

тарау. ТАС МАТЕРИАЛДАРЫН ӨНДІРУГЕ ЖӘНЕ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰРАЛ- ЖАБДЫҚТАР





    1. ТАС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӨНДІРУ ӘДІСТЕРІ

Тас материалдары қиыршық тас жəне ұсақталған тас түрінде көлік құрылысында пайдаланылады. Олар атқылау арқылы пайда болған, шөгінді жəне түрі өзгерген тау жыныстарынан тұратын тас кесегін қирату жəне табиғи кендерді өңдеу арқылы өндіріледі. Әрі қарай өндірілу тəсіліне қарамастан тас материалы ұсақталу кезеңінен өтеді жəне де оның беріктік қасиетіне қарай қирату тəсілі таңдалып алынады. Біздің елімізде беріктік қасиетін салыстырмалы түрде бағалау үшін М.М.Протодьяковтың межелігі (6.1 кесте) кеңінен пайдаланылады. Аталған межелік бойынша тау жынысының беріктігі қаттылық коэффициентімен бағаланады. Ол – МПа арқылы өлшенетін тау жынысының сығылуға уақыттық кедергісінің оннан біріне тең болатын мөлшерсіз шама.





    1. кесте

М. М. Протодьяконов бойынша тау жыныстарының беріктігінің топтастырылуы



Тау жынысының түрі

Беріктік деңгейі

Беріктік коэффициенті

I

Жоғары
деңгейде беріктер

20

II

Өте беріктер

15

III

Беріктер

10

III-a

8

IV

Жеткілікті беріктер

6

IV-a

5

V

Орташалар

4

V-a

3



Тау жынысының санаты

Беріктік деңгейі

Беріктік коэффициенті



Жеткілікті жұмсақтар


212

2

VI-a

1,5

VII

Жұмсақтар

1,0

VII-a

0,8

VIII

Топырақтылар

0,6

IX

Сусымалылар

0,5

X

Қалқымалылар

0,3

Әдетте ұсақталған тасты алуға қолданылатын граниттер мен əктастардың беріктік коэффициенті 2- ден бастап (беріктеу əктастар үшін) 20-ға (граниттердің кейбір түрлері үшін) дейінгі көлемде болады. Құрылыс жауапкершілігі жоғары болған сайын оны жүзеге асыруда қиыршық тастың неғұрлым қатты түрлері қолданылады.


6.1. ТАС МАТЕРИАЛДАРЫН ӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР


Тас материалдарын өндіру жұмыстары қарапайым құрылыс машиналарымен де, сол секілді карьерлерде жұмыс жасауға арналған машиналармен де жүзеге асырылады. Оларға бұрғылау машиналары, қаттырақ тау шыңдарында жарылыс арқылы қиратуға арналған қайта бұрғылау теспесі жəне ұңғымасы, жарылған қатты жəне одан əлсіздеу жарылмаған тау жыныстарын жинастыруға арналған карьердің тік күректі (6.1 сурет) жəне драглайнды (6.2 сурет) бір ожаулы экскаваторы, сонымен қатар əктасты қиыршық тасқа айналдырып қайта өңдеу үшін құрастырылған өздігінен жүретін фреза (6.3 сурет) жатады.
Тау жыныстарын өңдеуге арналған бұрғылау машиналары (6.4 сурет) ұрмалы, айналмалы, ұрмалы- айналмалы жəне дəстүрлі емес əрекет ету тəсілдерін қолданады. Ұрмалы машиналар қатты жəне орташа қатты тау жыныстарын бұрғылау үшін, ал айналмалы машиналар орташа қатты жəне жұмсақ тау жыныстарын бұрғылау үшін, ұрмалы-айналмалы машиналар өте қатты жəне берік тау жыныстарын бұрғылау үшін пайдаланылады.
Дəстүрлі емес деп зертханалық жəне далалық сынақтардан өткен, құрылмалық өңдеулерде сəтті жүзеге асырылған, бірақ ұйымдастырушылық, экономикалық немесе өзге де себептермен жалпы қолданыс таппаған бұрғылау тəсілін атайды.


    1. сурет. Карьер экскаваторының жарылған тау жынысын өңдеу барысы




    1. сурет. Драглайн-экскаваторының сызбасы



213


    1. сурет. Жұмсақ тау жыныстарын қиыршық тастарға өңдеуге арналған фреза

Дəстүрлі емес бұрғылау тəсіліне мыналар жатады:


жылулық бұрғылау тəсілі, бұл тəсілде тау жынысы 2 500... 3 500оС температурада 2000 м/с жылдамдықпен берілетін плазма арқылы күйдіріледі;
гидродинамикалық бұрғылау тəсілі, бұл тəсілде тау жынысы 50 МПа қысым арқылы берілетін су ағыны арқылы қиратылады;
электрогидравликалық бұрғылау тəсілі, бұл тəсілде тау жынысы жоғарыжиілікті гидравликалық соққылар арқылы қиратылады, ол соққылар электрлік микроразрядтардың əсерінен туындайтын сұйықтық кавитациясымен көрініс табады;


    1. Дәстүрлі емес
      сурет. Бұрғылау қондырғыларының жіктелуі




214

Ұрмалы

Ұрмалы-

Айналмалы

Теспелер

Ұңғымалар
Ультрадыбыстық эрозия тəсілінде тау жыныстары суспензияда ультрадыбыстың əсерімен ретсіз қозғалатын түрлі түйіршіктерімен (сонымен қатар бұзу өнімдері де кіреді) қиратылады. Ол түйіршіктер кенжарға беріледі.
Ұрмалы бұрғылау қондырғысы мынандай перфораторларға (тескіш) бөлінеді: диаметрі 75 мм-ге дейінгі, тереңдігі 9 м-ге дейінгі теспені бұрғылау перфораторы жəне диаметрі 300 мм-ге дейінгі, тереңдігі 40 м-ге дейінгі ұңғымаларды бұрғылауға арналған арқанды-соққылы білдек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет