Оқулық бб. 02 «Жол машиналары, автокөліктер мен тракторларды пайдалану»


Ұрмалы-арқанды бұрғылау білдектері



бет69/104
Дата15.11.2023
өлшемі17,2 Mb.
#124164
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   104
Ұрмалы-арқанды бұрғылау білдектері. Ұрмалы-арқанды бұрғылау барысында тау жыныстары бұрғылау снаряды арқылы ұңғыманың түбіне жасалатын соққылардан қиратылады (6.9 сурет). Бұрғылау снаряды снаряд қарнағының төменгі жағына бұрамдалған қашаудан жəне арқан бекітпеден тұрады. Бекітпе снарядтың көтергіш арқанмен берік байланысуын қамтамасыз етеді жəне бағананың жоғары ұшына бұрамдалады.
Қашаудың ұрмалы бөлігінің формасына орай жазық қашау (кескіш формалы бастиекпен), айқыш (біркелкі жəне əртүрлі биіктікті бастиекпен), қалыпқа келтірілген түрлерге бөлінеді. Жазық қашау берік жыныстарды бұрғылауға қолданылса, айқыш қашаулар жарықшақталған жыныстарды бұрғылауға қолданылады. Қалыпқа келтірілген қашаулар ершік тəрізді жұмыс қабатында қолданылады. Ұңғыманың түбіне соққы жасағанда қашау тау жынысын жырашықты қағу арқылы үгітеді, одан кейін жоғары көтеріліп аз ғана бұрылады жəне келесі соққы бірінші жырашықтың жанына екіншісін
жасайды.


    1. сурет. Ұрмалы-арқанды бұрғылауқондырғысының сызбасы:

1 - бұрғылау снаряды; 2 – жүк көтергіш арқан; 3 – жүк арқаны қозғалысының бағыты; 4 – басты блок; 5
- діңгек; 6 - тіреуіш; 7 - тартпа блок, 8 – қосиінді дөңгелектің айналу бағыты; 9 - көтергіш барабан; 10 – бағыттаушы блок; 11 – қосиінді дөңгелек; 12 - бұлғақ
Жырашықтардың арасында қалған тау жынысының бөліктері опырылады, соның арқасында ұңғыма тереңдей түседі. Қирату өнімдері ұңғымадан жуу сұйықтығы арқылы жойылады, ол сұйықтық қабаттан беріледі.
Бұрғылау снаряды қосиінді-бұлғақты механизмнің бұлғағымен байланысқан тартпа блогының əсерінен ұңғыманың түбіне 1 Гц жиілікке дейін соғылады. Осы ауытқудың барысында снаряд
ұңғыманың түбінен 0,6 „ .1,3 м биіктікке дейін көтер2і1л7еді, төмен түсіп қайта жоғары көтеріледі.
Арқанның жалпы ұзындығы көтергіш барабан арқылы снаряд тыныштық күйде болған кезде ұңғыманың түбіне 20.50 мм жеткізілмей реттеледі. Осының арқасында арқан барлық уақытта керілген күйде болады жəне «салмақпен көтеру» режимінде жұмыс істегендіктен, бұрғылау снарядын көтерген кезде азырақ динамикалық жүктемеге ие болады. Ұрмалы-арқанды бұрғылау құрылғылары өзекшелі немесе өздігінен қозғалатын жақтауларда, көбінде шынжыр табанды шассиде орнатылады. Сонымен қатар іштен жанатын қозғалтқыштың тартпасынан немесе тұрақты электр желісінен жарақтанады. Бұл қондырғылар ұзақ қашықтыққа өздігінен асыра лақтырылмайды, олардың қозғалу трансмиссиясына жəне қозғалтқышына айтарлықтай талаптар қойылмайды.
Ұрмалы-арқанды бұрғылау (Пуд) қондырғыларының жұмыс өнімділігі уақыт аралығында бұрғыланған ұңғыманың сантиметрлерімен өлшенеді. Сондықтан оны есептеуге арналған формулаға енгізілген шамалар мөлшері СИ – халықаралық бірліктер жүйесінде қарастырылған бірліктер өлшемімен сəйкес келмейді:
Бұл жерде тсн - 1 мм диаметрге келетін ұңғыманың бұрғылау снарядының салмағы, кг/мм (əлсіз тау жыныстары үшін - 2, орташа қатты тау жыныстары үшін - 4, қатты тау жыныстары үшін - 6,5); Ниол бұрғылау снарядының жоғары көтерілубиіктігі, м; псоқ – минутына кенжар түбіне жасалатын снаряд соққысының жиілігі; k- ауысым уақытын пайдалану коэффициенті; a- 1 м3 тау жынысын қопаруға арналған салыстырмалы жұмыс (6.2 кесте); Дкв – ұңғыма диаметрі, см.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет