ИНТЕРЛЕЙКИН–10 (адамның хромосомаларының 1-жұбы). 1989
жылы Тх1 активтілігінің ингибиторы ретінде бейнеленген. Молекулалық
салмағы 35 000 – 40 000 Д құрайды. Негізгі өндіруші жасушалары ретінде Тх2, сонымен қатар В-лимфоциттер, макрофаг/моноциттер (антигендер
мен
бактериалдық
өнімдерімен
қоздырылу
нәтижесінде)
және
цитотоксикалық Т- жасушалары қызмет етеді.
ИЛ-10 негізгі эффектісі ИЛ-2 мен IFN-γ өнімін төмендету арқылы Тх1 қалыптасуын және белсенділігін тежеу, Тх1 мен NK –
жасушаларының цитокиндерінің өнімін басу (басқаша айтқанда, IFN-γ-ға
қарама қайшы әсері бар, иммундық жауапты баяу жоғары сезімталдықтан
гуморалдық
жолға
түсіреді)
және
макрофагтардың
белсенділігін
төмендетеді, сонын ішінде қабыну цитокиндерiнiң өнiмiн (ИЛ-1, 6, 8,
МТФ, TNF-α және Тх1 дамуын шақыратын активтелген макрофагтармен
өндірілетін ИЛ-12) тежейдi. Осыған байланысты ИЛ-10 негізгі қабынуға қарсы цитокин болып келеді. Әр түрлі індеттерден организмді қорғайтын
Тх1 азаюы қоздырғыштардың көбеюіне алып келеді.
Кейбір вирустарда (Эпштейн-Барр вирусы сияқты) ИЛ-10 аналогын
негіздейтін тектері табылған. Сол себептен иммундық жауаптың
белсенділігі төмендейді. Вирустық ИЛ-10 IFN-γ синтезін төмендетіп
макрофагтардың белсенділігін басады. Басқаша айтқанда, ИЛ-10-ға ұқсас
Эпштейн-Барр
вирусының
цитокины
бұл
вируспен
зақымдалған
жасушаларына қарсы Т-лимфоциттердің жауабын әлсіздендіреді, індеттің
нысаналарын көбейтеді.
ИЛ-10 МНС II-ші
клас молекулаларының экспрессиясын,
митогендермен қоздырылған Т- жасушаларының пролиферациясын және
баяуланған жоғары сезімталдықтың дамуын тежейді. Сонымен қатар, ИЛ-
10 тимоциттердің көбеюіне қатысатын ИЛ-2 мен ИЛ-7 кофакторы ретінде,
ИЛ-4 синергисті ретінде жұмыс атқарады, В- жасушаларының көбеюін
күшейтеді, оларды апоптоздан қорғайды, IgМ мен IgA синтезін
жоғарылатады.
Қорытып айтқанда, ИЛ-10 иммундық жауаптың гуморалдық негіздерін дамытады, гельминттерге қарсы қорғаныс пен организмнің
аллергиялық реактивтілігін қамтамасыз етеді. ИЛ-10 макрофагтар мен Тх1 активтілігін басатын Тх2 кейбір биологиялық эффектілерін
138
қамтамасыз ететін иммундық жауаптың маңызды реттегіші болып
табылады.