Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет189/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

ИНТЕРЛЕЙКИН-11  (адам  хромосомаларының  19-жұбы).  Бұл 
молекулалық 
салмағы 
26000 
Д 
гликозидтелмеген 
белок. 
Ол 
фибробласттармен,  трофобласттармен  бір  қатар  стимулдардың  (ИЛ-1, 
форболдық  эфирлер,  GNF-β)  әсерінен  өндіріледі,  бірақ  шеткері  қан 
жасушалары ИЛ-11-дi синтездемейді.  
 
Осы тұқымдастыққа жататын цитокиндер сияқты (м.ү., ИЛ-6) ИЛ-11 
плейотроптық  цитокин  болып  табылады.  Гемопоэтикалық  жүйеге 
белсінділік  көрсете  алатындықтан  ИЛ-11  қан  түзудің  алғашқы 
бастауыштарының 
(алғашқы 
бағаналы 
жасушалары, 
эритроидтік 
бастауыш  жасушалары  және  мегакариоциттердің  бастауыш  жасушалары
көбеюін негіздейді, сүйек кемігінің бағаналы жасушаларын ИЛ-3-тін әсерін 
қабылдауға  дайындайды,  миело-  және  эритропоэзді,  мегакариоциттердің 
дамуын сүйемелдейді, сонымен қатар анемияны шақыра алады.  
ИЛ-11-дің  бауырға  қатысты  (жедел  фазасының  белоктарының 
синтезінің 
индукторы), 
стромалық 
жасушалар 
жүйесіне 
қатысты 
(адипоциттердің  пісіп-жетілуін  тежеу)  және  ішектің  эпителиалдық 
жүйесіне  қатысты  (қорғау/регенерация)  белсенділігі  байқалады.  ИЛ-6 
сияқты, ИЛ-11 Т-және В-лимфоциттеріне тікелей әсер көрсетпейдi. ИЛ-11 
нейтрофилдердің  жетілуін  сүйемелдеп,  иммундық  жауап  пен  қабынудың 
дамуын қоздырады, липопротеиндік липазаның белсенділігін төмендетеді.  
Бірқатар  эффектілер  бойынша  ИЛ-11  ИЛ-6-ның  қызметтерін 
қайталайды.  Мысал  үшін,  ИЛ-6  сияқты,  ИЛ-11  антидене  өндіруші 
жасушаларының 
саны 
көбеюін 
шақырады 
және 
тышқан 
плазмацитомасының    ИЛ-6-тәуелді  жасушалық  тізбегін  қоздырады,  адам 
мегакриобласттарының тізбектеріне аутокриндік өсу факторы ретінде әсер 
етеді, бауырда жедел фаза белоктарының өндірілуінің стимуляторы болып 
табылады.  ИЛ-11  мен  ИЛ-6дың  рецепторлық  компоненттері  ортақ 
болғандықтан (gp 130) қызметтері де ұқсас. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет