Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет190/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

ИНТЕРЛЕЙКИН-12 
(тектері: 
р40 
субъбірлік 
үшін 
– 
хромосомалардың  5-  жұбы;    р35  –  3-  жұбы).  35  000  пен  40  000  Д 
молекулалық  салмағы  бар  полипептидтік  тізбектен  құралған  гетеродимер. 
Бактериялармен,  жасуша  ішілік  паразиттермен  немесе  олардың  өнімдері 
мен  қоздырылған  макрофагтар/моноциттермен,  дендриттік  жасушалармен 
және  бактериалдық  өнімдермен  белсендірілген  В-лимфоциттермен 
өндіріледі.  
ИЛ-12  –  цитотоксикалық  жасушалардың  индукторы  және 
цитокиндердің 
өнімінің 
стимуляторы. 
ИЛ-12 
макрофагтар 
мен 
лимфоциттердің  араларында,  туа  біткен  иммунитеттiң  және  жүре  біткен 
иммунитеттің  арасында  делдалдық  қызмет  атқарады.  ИЛ-12  Тх0  Тх1-ге 
айналуда  және  IgE  синтезін  тежеуде  негізгі  фактор  болып  келеді.    Бұл 
қабілет оның гуморалдық және жасушалық жауаптарының тепе-теңдігін Т-
хелперлердің  Тх1  бағытында  жетілдіру  арқылы  реттеуде  айқындалады. 
Аталған  эффект,  көбінесе  IFN-γ  көлемі  тез  арада  көбеюіне  байланысты. 
ИЛ-12 
NK– 
жасушаларының 
белсенділігін, 
олардың 
көбеюін 
жоғарылатады, 
цитотоксикалық 
Т-лимфоциттердің 
пісіп 
жетілуін 


 
139 
негіздейді  (IFN-γ  көмегімен);  ЛАЖ-  жасушаларының  қалыптасуын 
жоғарылатады. ИЛ-12 әсері Тх1 мен NK- жасушаларының қоздырылуымен 
байланысты,  сол  себептен  ИЛ-12  клиникада  ісіктерге  қарсы  және 
вирустарға  қарсы  препарат  ретінде,  жасушалық  иммунды  жауапты 
бастайтын  адъювант  ретінде,  иммундытапшылық  кезінде  байқалатын 
оппортунисттік індеттердің емі ретінде қолдануға болады.  
ИЛ-12  В-лимфоциттерді,  әсіресе  В1-жасушаларды,  қоздыруға 
қатысады,  нәтижесінде  аутоантиденелердің  көлемі  жоғарылайды.  ИЛ-12 
бірқатар иммунологиялық жүйелерге супрессорлық белсенділігі бар, соның 
ішінде  IgE  өнімін  тежейді.  Бұл  себептен  кейбір  жағдайларда  клиникада 
ИЛ-12-нi  IgE-аллергиясын  немесе  аутоиммундық  жауапты  тежеу 
мақсатымен қолдануға болады.  ИЛ-12 бағаналы қан түзу жасушаларының 
айналымға  шығуын  және  экстрамедулярлық  қан  түзу  ошақтарының 
қалыптсуын негiздейдi.  
Сонымен,  ИЛ-12,  макрофагтар  мен  лимфоциттердің  арасындағы 
байланысты  қамтамасыз  етіп,  Тх1  мен  цитотоксикалық  жасушалардың 
белсенділігін жоғарылатып, IFN-γ өнімін қолдап, вирустарға, микробтарға  
және ісікке қарсы қорғанысқа зор үлес қосады, себебі IFN-γ жасуша ішілік 
микроцидтіктің,  соның  ішінде  оттегінің  активті  құрамдарының  және  азот 
тотығының активаторы ретінде белгілі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет