Цитокиндерді клиникада қолдануы (цитокиндік және антицитокиндік терапия) Қазiргi танда цитокиндерді және олардың антагонистерін клиникалық
бағытта
қолдану
тәсілдері
кең
колдануда.
Цитокиндік
және
антицитокиндік терапия онкологиялық, аутоиммундық, аллерегиялық
және жұқпалы аурулардың ем шарасы ретінде және трансплантация
кезінде қолданылады.
Көптеген жұқпалы, аллергиялық және аутоиммуннық аурулар кезінде
көбінесе созылмалы түрге аусатын қабыну серпілісі дамиды.
Қабынудын дамуында ең маңызды болып IFN, TNF және ИЛ-1 келеді. IFN
макрофагтарды
белсендіреді:
олардың
МНСII
класс
молекулаларының
экспрессиясиясын, цитокиндерді, сонын ішінде TNF мен ИЛ-1, өндірүін,
бактерицидтік қабілеттерін күшейтеді. ИЛ-1 өз кезегінде Тх1 белсендігін
арттырып, олардың IFN өндірүін күшейтеді. IFN мен TNF бірігіп ағзаның әр
аймақтарында көптеген жасушалардың жинақталуына себепкер болатын
жасушааралық адгезия молекулаларының (ICAM-1, ELAM-1, I классс MHC)
эксперссиясын күшейтеді. Сол кезде белсендірілген макрофагтар қоршаған
тіндерді зақымдайды.
Қабынулық цитокиндердің табиғи ингибиторлары ретінде ИЛ-4, ИЛ-
10, GTF, ИЛ-1 рецепторлық антогонисті (ИЛ-1-ра), және ИЛ-1 мен TNF
рецепторларының еріген компоненттеріқолданыла алады.
IgE шамадан тыс өнімімен негізделген аллергиялық серпілістер кезінде ИЛ-4тің тіке антогонистін - IFN-ны, IgE өнімінің селективті
тежегішін – ИЛ-8ді, ИЛ-4пен индукцияланған IgE өнімін тежейтін ИЛ-
10ды, сонымен қатар Т-лимфоциттердің IFN-, ИЛ-4 және ИЛ-10 өндірүін
реттейтін ИЛ-12ні қолданған жөн.
Жұқпалы аурулар кезінде септикалық шоктын алдын алу бағытында
ИЛ-1-ра және TNF-ға түзілген моноклоналдық антиденелер құрамына
кірген препараттарды қолданады. IFN-нын да белсенді антимикробтық
әсері бар, ол патогендік микроорганизмдердің кең спектріне қарсы
макрофагтық белсенділікті қоздыру арқылы жүзеге асады.