Оқулық «гэотар-медиа»


Кесте 8-3.  Жасына сай балалардағы артериалды қысым Жасы



Pdf көрінісі
бет146/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   315
Кесте 8-3. 
Жасына сай балалардағы артериалды қысым
Жасы 
Систолалық АҚ, 
мм сынап деңгейінде* 
Диастолалық АҚ, 
 мм сынап 
деңгейінде* 
Нәресте 
1 жас 
5 жас 
10 жас 
15 жас 
60 
80-84 
100 
110 
120 
Систолалық АҚ-ның ½ 
немесе 
2
/
3
-ін құрайды 
* Қыз балаларда, ер балаларға қарағанда АҚ 5 мм сынама деңгейінен төмен 
Бір жастан асқан балалардың АҚ анықтау үшін төмендегі 
формулаларды қолдану қажет:
АҚ 
сист.
=
90 + 2n (мм сын.бағ.), 
АҚ 
диаст.
= 60 + n (мм сын.бағ.), 
мұнда n – баланың жасы. 


218 
Дені сау балалардың оң және сол қолындағы АҚ айтарлықтай 
айырмашылығы жоқ. Аяқта қолына қарағанда АҚ көрсеткіші 10-15 мм 
сын.бағ. жоғары. 
Пульстік 
қысым
– 
систолалық 
және 
диастолалық 
АҚ 
көрсеткіштерінің алымы (әр систолада жүрек шығаратын қан көлеміне 
пропорциональды). Жас өскен сайын пульстік қысым жоғарылайды: 
нәрестелерде орта есеппен 42 мм сын.бағ. бойынша құрайды, 5-6 жаста – 
44 мм сын.бағ. бойынша, 14-15 жаста – 52 мм сын.бағ. 
ЖҮРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІН
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ 
Сұрастыру 
Балаларда жүрек-тамыр жүйесінің патологиясына тән шағымдар: 
- физикалық жүктеме кезінде әлсіздік, жылдам шаршағыштық; 
- физикалық жүктеме кезінде, тіпті тыныштықта ентігу (тыныс 
жиілігінің, ырғағының және тереңдігінің бұзылуы, ауа жетіспеудің 
субъективті сезімі); 
- тыныштықта немесе физикалық жүктемеде еріннің, тырнақтардың, 
жалпы тері цианозы; 
- аяғының, белінің, бетінің ісінуі; 
- жүрек қағу сезімі (науқас өзінің жүрек соғуын сезеді); 
- талмалар; 
- жүрек тұсының ауырсынуы (ересек балаларда). Мұндай жағдайда 
ауырсыну орнын, уақытын және жиілігін, ұзақтығын, интенсивтігін, 
таралуын, тудырушы факторларды, ауырсыну түрін, дәріге не басқа 
ықпалға реакциясын анықтау керек; 
- ауыспалы ақсау (жіліншік бұлшық етінің физикалық жүктемеде 
ауырсынуы және тыныштықта жойылуы), аяқ сирақтарында артериалдық 
қанайналымының созылмалы жетіспеушілігін куәландырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет