338
Кесте 10-7.
Зәр анализіндегі өзгерістер
Түрлері
Себептері
Мөлдірлік өзгерісі Зәрде жасушалық элементтер мен
кілегей болғанда мөлдірлік
айқын болмайды.
Зәрдің сәл лайлануы бактериялардың және тұздардың көбеюі
кезінде, ал лайлы – май тамшылары болғанда
Зәр реакциясының
өзгерісі
Зәрдің қышқылдық реакциясы балаларда ет тағамын көп жегенде,
гломерулонефритте, диабеттік комада пайда болады.
Зәрдің
сілтілік
реакциясы
көкөністік
диетада,
сілтілік
минералдық су ішкенде, құсқанда (хлор иондарын жоғалтуынан),
зәр
шығару
жүйесінің
қабынуына,
гипокалиемияда,
фосфатурияда,
ісінулер қайтқанда, ішекте бактериалдық ашу
болғанда
Зәрдің
салыстырмалы
тығыздығының
өзгеруі
Салыстырмалы тығыздықтың 1,010 төмен ауытқуы бүйректің
концентрациялық функциясының
бұзылғандығын көрсетеді; бұл
жағдай гипостенурия деп аталады. Зәрдің салыстырмалы
тығыздығы үнемі біріншілік зәр тығыздығындай (1,008-1,010)
болуы изостенурия деп аталады.
Зәрдің
салыстырмалы
тығыздығының
төмендеуі
зәрдің
сұйылтылғанда немесе оның концентрациясының
бұзылуында
пайда болады, бұл бұзылыс тубулоинтерстициальды тіннің ауыр
зақымдалуымен
өтетін
созылмалы
гломерулонефритте,
интерстициальды
нефритте,
бүйректің
туа
біткен
және
тұқымқуалаушы
ауруларында,
интерстицияның
беріштену
кезеңіндегі созылмалы пиелонефритте кездеседі.
Зәрдің салыстырмалы тығыздықтың жоғарылауы – гиперстенурия
(тығыздық 1,030-дан жоғары) – қант, ақуыз,
тұздар болғанда
байқалады
Цилиндрурия
Цилиндрурия құбырларда ақуыздың тұнуымен байланысты.
Зәрде цилиндрлер әртүрлі физиологиялық және патологиялық
жағдайларда пайда болады: гиалинді – физикалық жүктемеде,
дене
қызуы жоғарылағанда, ортостатикалық протеинурияда,
нефротикалық синдромда және т.б.; дәнді –
құбырдың ауыр
дегенеративті зақымдалуында; балауыз тәрізді –
құбырлар
эпителийінің
зақымдалуында,
нефротикалық
синдромда;
эпителийлі
–
құбырлардың
дегенеративті
өзгертерімен
гломерулонефритте, нефротикалық синдромда; эритроцитарлы –
бүйректік генезді гематурияда; лейкоцитарлы – бүйректік генезді
лейкоцитурияда