Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет138/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   171
Байланысты:
(KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВ

Кіреберіс– ұлу нерві (VІІІ)
Кіреберіс– ұлу нерві ,n.vestibulocochlearis– бассүйек нервтерінің VІІІ- жұп нерві, арнаулы сезімтал нерв (есту және вестибулярлы), ұлу және кіреберіс бөліктерінен тұрады. Нервтің әр бөлігінің меншікті сезімтал түйіні бар. Ұлу түйіні,ganglion cochleare (ұлудың иірмелі түйіні), ұлудың иірмелі өзегінде орналасады. Бұл түйіннің жасушаларының шеткі өсінділері иірімді дене (кортии) жасушаларында бітеді, ал орталық өсінділері ұлудың дорзальді және вентралді ядроларына бет алады. Ұлу
түйінінің биполярлы жасушаларының орталық өсінділерінің жиынтығы VІІІ жұп нервтің ұлулық бөлігін, pars cochlearis , құрастырады.
Кіреберіс түйіні, ganglion vestibulare, ішкі есту өтісінің түбінде жатыр. Бұл түйіннің жасушаларының шеткі өсінділері кіреберіс рецепторларында: алдыңғы және артқы және латеральді ампулалық нервтер, nn.ampullares anterior, posterior et lateralis, эллипсті – қаптық нерв, n.utricularis, эллипсті – қаптық – ампулалық нерв, n.urticuloampullaris, дөңгелек – қаптық нерв, n.saccularis бітеді, ал ортаңғы кіреберіс түйінінің биполярлы жасушаларының орталық өсінділері VІІІ-жұп нервтің кіреберіс бөлігін, pars vestibularis, құрастырып, кіреберіс ядроларына (медиальді, латеральді, жоғарғы және төменгі) барады. Ішкі құлақ рецепторларынан кіреберіс –ұлу нерві ішкі есту өтісіне бет алады. Одан шыққан соң көпір–мишық бұрышы аймағында бет нервінен сырттай ми көпіріне кіреді.


Тіл-жұтқыншақ нерві (ІХ)
Тілжұтқыншақ нерві, n.glossopharyngeus–бассүйек нервтерінің ІХ- жұп нерві, аралас нерв. Құрамында сезімтал, қозғалтқыш және парасимпатикалық (секреттік) талшықтар бар. Сезімтал талшықтар, жоғарғы және төменгі түйіндерде, ganglion superius et inferius, орналасқан псевдоуниполярлы жасушалардың шеткі өсінділері, ал осы жасушалардың орталық өсінділері сансыз көп түбіршектердің құрамында сопақша миға бет алып жеке жол ядросының нейрондарында бітеді. Қозғалтқыш талшықтар қос ядро жасушаларының аксондары, парасимпатикалық преганглионарлық талшықтар төменгі сілекей бөлетін ядродан басталады. Тілжұтқыншақ нерві сопақша миден 5-6 түбіршікпен дорсолатеральді жүлгенің жоғарғы бөлігі арқылы шығады, ал бассүйек қуысын мойындырық тесігі арқылы тастап кетеді. Мойындырық тесігінің ішінде жоғарғы сезімтал түйін жатыр. Төменгі түйін ірілеу, төменірек, тасты шұңқыршыда орналасқан. Тілжұтқыншақ нерві мойындырық тесігінен шыққан соң ішкі ұйқы артериясының артымен өтіп, әрі қарай осы артериямен ішкі мойындырық венаның арасында жатады. Сонан соң қарай доға тәрізді алға бет алады, біз-тіласты және біз-жұтқыншақ бұлшықеттер арасымен өтіп тіл түбіріне кіреді де соңғы тармақтарға,rami lingualis, бөлінеді. Бұл тармақтар тіл түбірі мен арқасының шырышты қабығын (артқы 1\3 бөлігі) нервтендіріп, оның жалпы және дәм сезулерін қамтамасыз етеді. Дәм сезу талшықтары науа тәрізді бүртіктерді нервтендіреді. Тілжұтқыншақ нервтерінің бойынан бүйір тармақтар шығады:

  1. дабыл нерві, (n.tympanicus), аралас нерв, тілжұтқыншақ нервімен төменгі түйін тұсында басталып самай сүйектің дабыл өзекшесі арқылы дабыл қуысына кіріп де тармақтарға бөлінеді, шырышты қабықта дабыл өрімін, plexus tyмpanicus, түзеді. Бұл өрімге ішкі ұйқы өрімінен симпатикалық ұйқы – дабыл нерві және бет нервінен дәнекер тармақ қосылады. Дабыл өрімінің сезімтал талшықтары дабыл қуысымен есту түтігінің шырышты қабықтарын нервтендіреді. Құрамында төменгі сілекей бөлетін ядроның парасимпатикалық преганглионарлық талшықтары бар дабыл өрімінің тармағы «кіші тасты нерв», n.petrosus minor, деп аталады. Ол дабыл қуысынан аттас саңылау арқылы шығып самай сүйегі пирамидасының алдыңғы бетіндегі аттас жүлгеге жатады. Сонан кейін, кіші тасты нерв дабыл-қабыршақ саңылауы, fissure petrosguamosa, арқылы бассүйек негізінің сыртқы бетіне шығып құлақ түйінінің, ganglion oticum, нейрондарында аяқталады. Түйін нейрондарының постганглионарлық талшықтары құлақ-самай нервінің, n.auriculotemporalis, құрамында шықшыт безіне бет алады.

  2. Жұтқыншақтық тармақтар, rami pharyngei, сезімтал нервтер. Олар кезбе нервтің тармақтарымен, симпатикалық сабаудың жоғарғы мойын түйінінен көмей- жұтқыншақ тармақтарымен біргіп жұтқыншақтықтің бүйір қабырғасында өрім түзеді.

  3. Біз-жұтқыншақ тармағы, ramus stylopharyngeus, біз-жұтқыншақ бұлшықетін нервтендіреді.

  4. Бадамшалық тармақ, rami tonsillares, сезімтал, тіл-жұтқыншақ нервінен тіл түбіріне кіргенге дейін шығады. Таңдай бадамшаларын және таңдай доғаларының шырышты қабықтарын нервтендіреді.

  5. Дәнекер тармақтар, кезбе нервтің құлақтық тармақтарымен қосылып, сыртқы есту өтісін нервтендіруге қатысады.

  6. Қойнаулық тармақтар, ramus sinus carotici, сезімтал. Жалпы ұйқы артериясы айрығында орналасқан ұйқы қойнауының (синокаротидті аймақ ) рефлекстік аймағынан басталады. Ұйқы қойнауын, ұйқы шумағын нервтендіреді.

Сонымен тұл-жұтқыншақ нерві нервтендіреді: тілдің артқы 1/3 бөлігінің шырышты қабығын (дәм сезу және жалпы сезу), жұтқыншақтың, таңдай доғаларының, бадамшалардың, дабыл қуысының, есту түтігінің шырышты қабықтарын және ұйқы қойнауын (сезімтал талшықтар);
Қозғалтқыш нерв – біз-жұтқыншақ бұлшықетін және парасимпатикалық (секреттік) – шықшыт сілекей безін нервтендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет