Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет146/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   171
Байланысты:
(KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВ

БЕЛ-СЕГІЗКӨЗ ӨРІМІ

Бел-сегізкөз өрімі бел, сегізкөз және құйымшақтық жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтарының бірігуінен түзіледі. Бел-сегізкөз өрімі (plexus lumbosacralis) өз кезегінде бел және сегізкөз өрімдеріне бөлінеді.


Бел өрімі (plexus lumbalis) жартылай қабырғаасты нервінің алдыңғы тармағынан және І, ІІ, ІІІ және жартылай ІҮ бел нервтерінің алдыңғы тармақтарынан түзіледі. Келесі тармақтарды береді:
Бұлшықеттік тармақтар (rr.musculares) (L1-L4) белдің шаршы бұлшықетіне, үлкен және кіші бел бұлшықеттеріне және белдің көлденең өсіндіаралық бұлшықеттеріне барады.
Мықын-құрсақасты нерві (n.iliohypogastricum) (Th12-L1) үлкен бел бұлшықетінің сыртқы жиегінің астынан шығып, іштің ішкі қиғаш және көлденең бұлшықеттерінің арасына кіріп, оларды нервтендіреді және беткей шап өзегі тұсында іштің төменгі бөлігінің терісіне тармақ береді.
Мықын-шап нерві (n.ilioinguinalis) (L1) алдыңғы нервке паралелль латералды төмен бағытталып, canalis inginalis арқылы шығады, одан беткей сақинасы арқылы шығып, қасаға және ұма (үлкен жыныс ернеулері) аймағында терілік тармақтарға бөлінеді.
Сан-жыныс нерві (n.genitofemoralis) (L2) үлкен бел бұлшықеті тереңінен оның беткейіне шығып, төмен бағытталып, екі тармаққа бөлінеді: сан нерві (r.femoralis) - lig.inguinale-нің артынан өтіп, сан терісінде шап байламының астынан өтіп санның терісінде тармақталады, жыныс нерві - (r.genitalis) шап өзегіне кіріп, funiculum spermaticus-ке (lig.teres uteri) барады, атабезді көтеретін бұлшықетке, ұма (жыныс ернеулерінің) терісіне және санның медиалды бетінің жоғарғы бөлігіне тармақтар береді.
Санның латералды терілік нерві (n.cutaneus femoris lateralis) (L2-L3) үлкен бел бұлшықетінің сыртқы жиегінің астынан шыққаннан кейін мықын бұлшықетінің бетімен сыртқа және сәл төмен бағытталып, шап өзегінің бекіген жерімен жүреді. Санға шығып, латералды терісін невтендіреді.
Сан нерві (L2-L4) (n.femoralis) бел өрімі сабауларының ең ірісі. Үлкен бел бұлшықетінің сыртқы жиегінің астынан шыққаннан кейін lacuna musculorum арқылы санға кіріп, сан артериясынан сыртқа жатады. Сан терісіне, алдыңғы топ бұлшықеттеріне, m.pectineus-ке, тізе бұлшықетіне, сирақ пен аяқ басының медиалды бетінің терісіне (І башайға дейін) (n.saphenus) тармақтар береді.
Жапқыш нерв L2-L5 (n.obturatorius) үлкен бел бұлшықетінің медиалды жиегінің астынан шығып, canalis obturatopius арқылы кіреді, сыртқы жапқыш бұлшықетті, санның медиалды топ бұлшықеттерін нервтендіріп, ұршық буынына, санның төменгі жартысының медиалды бетінің терісіне тармақ береді.
Сегізкөз өрімі (plexus sacralis) ІҮ-Ү бел нервтерінің алдыңғы тармақтарының бөлігінен және жоғарғы төрт сегізкөз нервтерінің тармақтарынан түзіледі. Сегізкөз өрімі түзілердің алдында ІҮ және Ү бел нервтерінің алдыңғы тармақтары бірігіп, бел-сегізкөз сабауын (truncus lumbosacralis) түзеді. Сегізкөз өрімі алмұрттәрізді бұлшықетте орналасқан, ұзын және қысқа тармақтар шығатын үшбұрышты табақша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет