Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет143/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   171
Байланысты:
(KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВ

Көкет нерві (C3-C5) (n.phrenicus) аралас. Үшінші, төртінші, кейде бесінші мойын нервтерінің алдыңғы тармақтарымен түзіледі. Ол алдыңғы сатылы бұлшықеттің алдыңғы бетімен төменге бағытталып, apertura thoracis superior арқылы (бұғанаасты артериясы мен бұғанаасты венасының арасынан) өтіп, өкпе түбірінің алдынан (pleura mediastinalis et pericardium арасынан) төмен бағытталып, көкетке барып оның бұлшықетіне қозғалтқыш талшық береді. Сезімтал талшықтарын көкеттен, медиастиналды өкпеқаптан, жүрекқаптан, бауыр капсуласынан алады. Симпатикалық миелинсіз талшықтар көкет нервіне төменгі мойын немесе мойын-кеуде симпатикалық түйінінен келеді.
ИЫҚ ӨРІМІ


Иық өрімі (plexus brachialis) төрт төменгі мойын нервінің алдыңғы тармақтары мен бірінші кеуде нервінің алдыңғы тармағынан түзіледі. Нерв талшықтары бір-бірімен қиылысып сатыаралық кеңістікте орналасатын үш сабау (жоғарғы, ортаңғы, төменгі) түзеді. Бұл сабаулар қайтадан нерв тармақтарымен алмасып, үш үлкен буда түзеді: латералды, медиалды және артқы (fascicule lateralis, medialis et posterior). Олар бұғанаасты артериясымен және венасымен бірге қолтық шұңқырына ауысады.
Иық өрімінің негізгі екі түрі болады: магистралды – негізгі нерв сабауларының арасында нервтік байланыстар аз болады (жиі гиперстениктерде кездеседі), шашыраңқы – негізгі нерв сабаулары көптеген ыдыраулармен сипатталады (астениктерде жиі кездеседі). Балаларда иық өрімі салыстырмалы үлкен алаңды алып жатады, ал оның негізгі сабаулары иіліп орналасады.
Тамыр-нерв шоғырының қолтық шұңқырындағы проекциясын анықтауда бұғананың ортасын sulcus bicipitalis medialis-тің басталатын жерімен қосатын сызықты қолданады. Мұнда беткейірек - қолтық венасы, одан терең - қолтық артериясы, оданда терең - кәрі жілік нерві орналасады. Артериядан ішке қарай шынтақ нерві, ал сыртқа – ортаңғы нерв орналасады.
Иық өрімінен шығатын нервтерді бұғанаүсті және бұғанаасты нервтері деп бөледі.


Иық өрімінің бұғанаүсті бөлігінің нервтері. Жауырынның дорсалды нерві (n.dorsalis scapulae) (C5) жауырынның медиалды жиегін бойлап, төмен артқа бағытталады; жауырынды көтеретін және ромбтәрізді бұлшықеттерді нервтендіреді. Ұзын кеуде нерві (n.thoracicus
longus) (C-5C7) алдыңғы тісті бұлшықеттің сыртқы бетімен жүре отырып, аталған бұлшықетті нервтендіреді. Жауырынасты нерві (n.suprascapularis) (C5-C7) аттас артериямен және венамен бірге дорсалды бағытталып, incisura scapulae арқылы өтіп, қылқанүсті және қылқанасты бұлшықеттерін нервтендіреді. Бұғанаасты нерві (n.subclavius) (C5) аттас бұлшықетке барады. Жауырынасты нерві (n.subscapularis) (C5-C7) бірнеше тармақ түрінде дорсалды бағытталып, аттас және үлкен дөңгелек бұлшықетті нервтендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет