Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет144/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   171
Байланысты:
(KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВ

Иық өрімінің бұғанаасты бөлігінің нервтері. Медиалды және латералды кеуде нервтері (nn.pectorales medialis et lateralis) үлкен және кіші кеуде бұлшықеттерін нервтендіреді. Бұлшықет-терілік нерв (n.musculocutaneus) (C5-C7) латералды будадан төмен бағытталып, m.coracobrachialis-ті тесіп өтіп, иықтың алдыңғы топ бұлшықеттерін нервтендіреді және білектің сыртқы бетіне терілік тармақ береді. Иық пен білектің медиалды терілік нервтері (nn.cutanei brachii et antebrachii mediales) (C8-Th1) иық өрімінің медиалды будасынан бірнеше ұсақ сабау түрінде төмен бағытталады. Сабаудың бір бөлігі көптеген тармақтарға бөлініп, иық пен білектің алдыңғы және медиалды беттерінің терісін нервтендіреді.
Орталық нерв (n.medianus) (C5-Th1) иық өрімінің медиалды және латералды будаларының екі түбіршігінен (radix medialis et radix lateralis) түзіледі. Иықтың тамыр-нерв шоғырының құрамында ортаңғы нерв sulcus bicipitalis medialis-те, алдымен иық артериясынан сыртқа, кейін оны иықтың орта тұсында алдынан қиып өтіп ішке өтеді. Иықта бүйір тармақтар бермейді. Шынтақ буыны деңгейінде білектің алдыңғы бетіне өтіп, саусақтардың беткей және терең бүккіштерінің арасында орналасады. Осы жерде білезіктің шынтақтық бүккіші мен саусақтардың терең бүккішінің медиалды бөлігінен басқа бұлшықеттерге көптеген бұлшықеттік тармақтар мен m.pronator quadrates-ке жеке тармақ шығады. Сіңірлермен бірге retinaculum flexorum астынан қол басына өтіп, ортаңғы нерв үш тармаққа – саусақтардың алақандық жалпы нервтеріне (nn.digitales palmares communes) бөлінеді. Бұл нервтердің латералдысы бас бармақ томпағы бұлшықеттерінің көп бөлігін (қысқа әкететін, қарама-қарсы қоятын және бас бармақтың қысқа бүккішінің беткей қарыншасын) және І, ІІ mm.lumbricales-ді нервтендіреді. Алақан сүйектері басының деңгейінде саусақтардың алақандық нервтері екі саусақтың алақандық меншікті нервтеріне (nn.digitales palmares proprii) бөлінеді, олар І, ІІ, ІІІ саусақтардың алақан бетінің терісін, ІҮ саусақтың сыртқы бетін және алақан терісінің сәйкес бөлігін нервтендіреді. Бұдан басқа, ортаңғы нерв шынтақ, кәрі жілік-шынтақ және қол басы буындарының капсуласына тармақ береді.
Шынтақ нерві (C7-Th1) (n.ulnares) иық өрімінің медиалды будасынан ірі сабау түрінде басталып, бастапқыда иықтың тамыр-нерв шоғыры құрамында төмен бағытталады. Шынтақ нерві иықтың төменгі үштен бір бөлігінде біртіндеп медиалды және дорсалды бағытталып, иықтың бұлшықетаралық медиалды қалқасын тесіп өтіп, шынтақтың жоғарғы коллатералды артериясымен бірге артқы медиалды шынтақ жүлгесінде орналасады. Содан кейін білезіктің шынтақтық бүккішінің иықтық және шынтақтық бастарының арасынан өтіп, білекте шынтақ артериясының ішкі жағынан шынтақ жүлгесіне өтіп, көптеген бұлшықеттік (m.flexor carpi ulnaris пен m.flexoris digitorum profunda-ның медиалды бөлігіне) тармақтар мен терілік сыртқы тармақ береді. Соңғысы білезіктің шынтақтық бүккіші сіңірінің астынан сыртқа шығып, Ү, ҮІ және ІІІ саусақтардың шынтақтық жартысының терісін, және қол басы сыртының сәйкес бөлігін нервтендіреді. Шынтақ нерві алақандық бетте os pisiforme-нің сыртқы жағынан қол басына ауысып, беткей және терең тармақтарға бөлінеді. Терең тармағы бұлшықеттерге (әкететін, қарама-қарсы қоятын және Ү саусақтың қысқа бүккіші, mm.lumbricales (ІҮ, ІІІ), interossei dorsales et palmares, бас бармақты әкелетін бұлшықет, бас бармақтың қысқа бүккішінің терең басы) талшықтар береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет