Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет145/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   171
Байланысты:
(KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВ

Кәрі жілік нерві (C5-Th1) (n.radialis) иық өрімінің ірі нервтерінің бірі, оның артқы будасынан төмен қарай шығып, иықтың sulcus radialis-де жатып, иықтың терең артериясымен бірге аттас өзекке бағытталады. M.triceps brachii m.anconeus-ты, иық буынының қапшығын және иықтың артқы бетінің терісін (иықтың терілік артқы нерві) нервтендіреді. Кәрі жілік нерві өзектен алдыңғы сыртқы шынтақ жүлгесі арқылы шығады. M.brachioradialis-ке, шынтақ буынының қапшығына, білектің артқы бетінің терісіне тармақ беріп, терең және беткей тармақтарға бөлінеді. Беткей тармағы төменінен кәрі жіліктік өзекке бағытталып, иық-кәрі жілік бұлшықетінің сіңірі астынан қол басының сыртына өтіп, саусақтарды дисталды бунақтарға дейін, ІІ саусақтың проксималды бунағын және ІІІ саусақтың кәрі жіліктік жартысын нервтендіреді. Терең тармағы m.supinator-ды тесіп өтіп, оған тармақ беріп, білектің артқы бетіне өтіп, барлық бұлшықеттерді (жазғыштарды – кәрі жілік нерві зақымданғанда саусақтар мен қол басы жазғыштары салданады) нервтендіріп, кәрі жілік-білезік, білезікаралық және білезік-алақан буындарына талшықтар береді.
Қолтық нерві (n.axillaris) (C5-C6) иық өрімінің артқы будасынан кәрі жілік нервімен бірге шығып, төртқабырғалы тесік арқылы иықтың артқы бетіне бағытталады. Тоқпан жіліктің хирургиялық мойынын орап өтіп, m.deltoideus et m.teres minor-ға, иық буынының қапшығына және иықтың латералды бетінің терісіне тармақ береді.
ҚАБЫРҒААРАЛЫҚ НЕРВТЕР
Қабырғааралық нервтер (nn.intercostales) кеуде нервтерінің алдыңғы тармақтары (ХІІ кеуде нервінің алдыңғы тармағы қабырғаасты нерві деп аталады) болып табылады. Әр қабырғааралық нерв қабырға жүлгесіне жақын сәйкес қабырғааралықта, mm.intercostales externus et internus арасындағы бойлық саңылауда жүреді. Омыртқа бағанасында ішкі жағынан membrane intercostalis interna-мен және оған тығыз жанасатын fascia endothoracica-мен жабылған. Қабырғааралық нервтердің жоғарғы жеті жұбы төспен семсертәрізді өсіндіге дейін жетеді, ал қалғандары қабырғааралық кеңістіктен шығып, сегменттеліп, іштің алдыңғы бүйір қабырғасының жұмсақ тіндеріне бағытталады. Қабырғааралық нервтерден бұлшықеттік және терілік тармақтар шығады. Бұлшықеттік тармақтар сыртқы, ішкі қабырғааралық бұлшықеттерге, іштің тік, ішкі қиғаш, сыртқы қиғаш және көлденең бұлшықеттеріне (соңғы үш бұлшықеттің дорсалды бөліктерінен басқа), пирамидатәрізді бұлшықетке, көкет бұлшықетінің шеткі бөлігіне, арқаның шығу тегі іштік терең бұлшықеттеріне (жоғарғы және төменгі артқы тісті бұлшықеттер, қабырғаны көтеретін бұлшықеттер) тармақтар береді. Терілік тармақтары кеуде мен іштің алдыңғы бүйір беттерін нервтендіреді. Бұдан басқа, қабырғааралық нервтер қабырғалық өкпеқап пен париеталды ішастарға, іштің алдыңғы және бүйір қабырғаларына тармақтар береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет