Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы


Жоғарғы жақсүйектің маңдайлық өсіндісі



бет21/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   171
Байланысты:
(KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВ

Жоғарғы жақсүйектің маңдайлық өсіндісі, processus frontalis maxillae, мұрын қуысының бүйір, ал көзұяның медиалды қабырғаларын түзуге, таңдайлық өсінді, processus palatinus, сүйектік (қатты) таңдаймен және мұрын қуысының төменгі қабырғасын құруға; ұяшықтық өсіндінің, processus alveоlaris ұяшықтарында тіс түбірлері орналасқан; беттік өсіндісі, processus zygomaticus бет сүйегімен қосылады.
Таңдай сүйек, os palatinum горизонтальдық және перпендикулярлық

табақшалардан, lamina horizontalis et lamina perpendicularis құралған.


Горизонтальдық табақша сүйекті таңдайдың бір бөлігі мен мұрын


қуысының төменгі (түбі) қабырғасын құруға қатынасады. Перпендикулярлық табақша мұрын қуысының бүйір қабырғасының құрамына кіреді де, қанат- таңдайлық шұңқырының медиалды қабырғасын түзеді. Перпендикулярлық табақшадан қанат-таңдайлық тілікпен бөлінген көзұялық және сынатәрізді өсінділер processus orbitalis et processus sphenoidalis шығады, ал


пирамидалық өсінді, processus pyramidalis сынатәрізді сүйектің қанаттәрізді тілігіне ене орналасқан.
Көзжасы сүйегі, os lacrimale көзұяның медиалды, ал мұрын қуысының бүйір қабырғаларының құрамына кіреді.
Төменгі мұрын кеуілжірі, concha nasalis inferior, мұрын қуысының бүйір қабырғасындағы жоғарғы жақсүйектің кеуілжірлік қырымен, crista conchalis, таңдай сүйектің перпендикулярлық табақшасына бекіп, төменгі мұрын жолын шектейді. Оның үш өсіндісін айырады: көзжасы өсіндісі, processus lacrimalis; жоғарғы жақсүйектік өсінді, processus maxillaris; торлы өсінді processus ethmoidalis.
Бет сүйек, os zygomaticum, маңдай, самай және жақсүйектердің беттік өсінділерімен байланысқан. Самай сүйектің беттік өсіндісімен қосылып бет доғасын, arcus zygomaticus түзеді. Бассүйектің беттік бөлігінің кейбір сүйектерінің басты бөліктері № 6 кестеде келтірілген.



  1. кесте. Бассүйектің беттік бөлігінің кейбір сүйектерінің басты бөліктері




Сүйектердің

атаулары


Негізгі құраушы

бөліктері



Беттері

Төменгі жақсүйек,
mandibula

  1. денесі, corpus mandibulae;




  1. тармағы, ramus mandibulae; (жұп)




Жоғарғы жақсүйек, maxilla

  1. денесі, corpus maxillae




  1. маңдайлық өсінді, processus frontalis;

  2. таңдайлық өсінді, processus palatinиs;

  3. ұяшықтық өсінді, processus

  • мұрындық беті, facies nasalis;

  • көзұялық беті, facies orbitalis;

  • самайастылық беті, facies infratemporalis;

  • алдыңғы беті, facies




alveоlaris;

5. беттік өсінді, processus zygomaticus



anterior

Таңдай сүйек,


os palatinum

1. перпендикулярлық табақша,
lamina perpendicularis;



  • сынатәрізді өсінді, processus sphenoidalis;

  • көзұялық өсінді, processus orbitalis;

2. горизонтальды табақша, lamina horizontalis;
- пирамидальды өсінді, processus pyramidalis




Бассүйектің онтогенезі

Бастың бет пен мисауыт сүйектері әр түрлі ұрықтық негізден дамиды. Бассүйектің мисауыт бөлігінің негізі мен төбесінің даму көздері әр түрлі.


Мисауыт сүйектерінің дамуы
Мисауыт сүйектері хорданың краниальды ұшын қорғай орналасқан бас сомиттерінің склеротомдарынан ми дамуымен бір уақытта қалыптасады.
Эмбриогенездің 1-айында жарғақты бассүйек дамиды. Ол құты (футляр) тәрізді миды қамтыған мезенхималық тегі бар таза дәнекер тіннен тұрады. Осы түзілістерден мисауыт сүйектері дамиды; маңдай, шеке сүйектер, самай сүйектің қабыршақтық және дабыл бөліктері, шүйде сүйектің қабыршағының жоғарғы бөлігі дәнекер тіннен дамып шығады.
Эмбриогенездің 2-ай шамасында шеміршектік негіз пайда болады. Осы кезде хорданың бастық шетінен парахордальдық, ал олардың алдынан прехордальдық табақшалар түзіледі.
2-айдың соңына таман шеміршектік табақшалар мен шеміршектік қалталар бір- бірімен
жақындасып, бассүйектің шеміршектік негізін құрады. Осы кезеңде бассүйектің шеміршектік негізінде ми нервтері өтетін тесіктер мен өзектер қалыптасады.
Шеміршектік қапшықтардың табақшалармен бірігуінің нәтижесінде шеміршектік аймақтар пайда болады. Олар: көзұялық, лабиринттік және шүйделік.
Торлы аймақ, прехордальдық табақшалардың алдыңғы шеттерінің мұрын қапшықтарымен бірігуінен түзілген. Келесі кезеңдерде басқа бет сүйектерінен энхондральдық дамуымен ерекшелінетін торлы сүйекпен төменгі мұрын кеуілжірі қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет