Самай шұңқыры, fossa temporalis, медиалды, алдыңғы және латералды қабырғалардан тұрады. Алдыңғы қабырғасы, paries anterior, маңдай және жоғарғы жақсүйектердің беттік өсінділері мен бет сүйегінен құралған.
Медиалды қабырғасын самай беті, planum temporale, түзеді, ал латералды қабырға бет доғасынан, arcus zygomaticus, тұрады.
Самай шұңқырында орналасқан:
самай бұлшықеті, m. temporalis;
беткей самай артериясы, a. temporalis superficialis және оның тармақтары (rr. auriculares anteriores a. zygomaticoorbitalis a. temporalis media);
терең самай артериясы, a. temporalis profunda (a.maxillaris -тің тармағы);
беткей самай венасы, v. temporalis superficialis (v. retromandibularis) құйылысы);
беткей ортаңғы және терең самай веналары, temporalis superficiales mediae et profundae (v. retromandibularis -тің құйылысы);
құлақ-самай нерві, n. auriculotemporalis терең самай нервтері, nn.
temporales profund (n. mandibularis -тің тармақтары,V-жұп);
- бет нервінің шықшыттық өрімі, pl. рarotideus
Самайасты шұңқыры, fossa infratemporalis, алдыңғы, жоғарғы және медиалды қабырғалардан тұрады.
Алдыңғы қабырғасы жоғарғы жақсүйектің төмпесі мен беттік өсіндісінен, processus zygomaticus et tuber maxillae, және бет сүйегінен, os zygomaticus, түзілген.
Жоғарғы қабырғасы біркелкі емес, ол самай сүйекпен, os temporale және сынатәрізді сүйектің үлкен қанатының самайасты қырынан, төменгі бөлігі самайасты бетінен, facies temporalis ale majores ossis sphenoidalis, құрылған. Медиалды қабырғасы сынатәрізді сүйектің қанаттәрізді өсіндісінің латералды табақшасынан, lamina medialis processus pterygoidei ossis sphenoidalis, тұрады.
Самай және самайасты шұңқырлардың шекарасы самайасты қыры,crista infratemporalis, бөледі.
Самайасты шұңқыр аймағында орналасқандар:
медиалды және латералды қанаттәрізді бұлшықеттер, mm. pterygoideus medialis et pterygoideus lateralis;
жоғарғы жақсүйектік артерия, a.maxillaris, және оның жақсүйектік, қанаттәрізді бөліктерінен таралатын тармақтар: а. auricularіs profunda,а.tympanica anterior, a.alveolaris inferior, a.meningea media, masseterica, rr. pterygoidei, a. buccalis;
қанаттәрізді веналық өрім, pl. venosus pterygoideus;
төменгі жақсүйекартылық вена, v. retromandibularis;
төменгі жақсүйек нерві, n. mandibularis (V-жұп) және оның n.alveolaris inferior, n. auricоtemporalis, n. massetericus, nn. pterygoidei medialis et pterygoideus lateralis, n. buccalis;
артқы альвеоларлық тесіктер, foramіnа alveolariа posteriora, арқылыөтеді: alveolaris posterior superior (a.maxillaris-тан), rr. alveolares superiores posteriores (V-жұптың n .maxillaris-інің n. infraorbitalis-інен).
Қанат-таңдайлық шұңқырдың, fossa pterygopalatina, 3 қабырғасын ажыратады : алдыңғы, артқы және медиалды.
Қанат-таңдайлық шұңқыр бассүйектің әртүрлі топографиялық құрылымдарымен бірқатар қатынастары бар, атап кететін нәрсе аталған
тесіктердің кейбіреулері көрші сүйектердің бір-бірімен қосылғанында ғана қалыптасатындығынан жеке сүйектерде олар көрінбейді. Осындай түзілістерге жататындар: сынатәрізді-таңдай тесігі,foramen sphenopalatinus, үлкен таңдайлық өзек,canalis palatinus, төменгі көзұялық саңылау, fissura orbitalis inferior.
кесте. Қанат-таңдайлық шұңқырдың қабырғалары
Қабырға атауы
|
Қабырғаларды түзетін сүйектік құрылымдар
|
Қазақша атаулары
|
Латынша атаулары
|
Алдыңғы қабырғасы,
|
Достарыңызбен бөлісу: |