Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет35/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   171
Байланысты:
(KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВ

Синхондроздар, synchondroses, немесе шеміршектік қосылыстар (articulationes cartilaginae) деп сүйектердің шеміршектік тін арқылы қосылуы аталады. Бұл қосылыстар беріктілігі және серпімділігімен сипатталады. Құрылымы бойынша гиалинді (қабырғалық шеміршектер) және талшықты (омыртқааралық дисктер) шеміршектерді ажыратады.
Сақталу уақытына байланысты тұрақты (омыртқааралық дисктер, бассүйектің жыртық тесігінің шеміршегі) және уақытша синхондроздар деп бөлінеді. Уақытша синхондроздар белгілі бір жаста сүйекке айналады (синостоз), мысалы, жамбас сүйектің үш бөлігі: мықын, қасаға және шонданай сүйектері 12-16 жасқа дейін өзара шеміршекпен байланысады.
Сүйектік қосылыстар (синостоз, synostosis) сүйектер арасындағы шеміршектің орнын сүйектік тін басқан жағдайда пайда болады, мысалы, жамбас сүйектің үш бөлігінің арасындағы синостоз.
Буындар (синовиалық қосылыстар)
Буындар немесе синовиалық қосылыстар, articulationes synoviales, сүйектердің үздікті қосылыстары болып табылады. Буын үш құрылымдық бөліктен: шеміршекпен жабылған буындық беттерден, буын қапшығынан және буын қуысынан түзіледі.
Буындық беттер, facies articulares, гиалинді шеміршектің (сирек жағдайда талшықты шеміршектің) жұқа қабатымен (0,2-0,5 мм) жабылған. Буындық беттердің шеміршектерінің пішіндері және көлемдері әртүрлі болады. Кейбір буындарда олар бір- біріне сәйкес болса (конгруэнтті), басқаларында – сәйкессіз, пішіндері мен көлемдері әртүрлі (инконгруэнтті) болып келеді.
Буын қапшығы, capsula articularis, негізінен буындық беттердің жиегіне немесе олардан сәл шеттеу бекиді. Ол екі қабаттан: сыртқы – фиброзды жарғақ пен ішкі – синовиалық жарғақтан түзілген. Фиброзды жарғақ, membrana fibrosa, көршілес сүйектердің сүйектік қабығымен тығыз бітісіп кетеді. Синовиалық жарғақ, membrana synovialis, фиброзды жарғақты ішкі жағынан буындық шеміршекке дейін жауып жатады және синовиалық сұйықтық (синовия, synovia) бөледі. Синовиалық жарғақ жұқа, мөлдір болып келеді және бүрлері, villi synoviales, болады, ал кейбір буындарда олардың қатпарлары, plicae synoviales, және буынның сыртына шығатын қаптары, bursae synoviales, кездеседі. Бүрлер мен қатпарлар синовиалық сұйықтық бөледі, ал қаптар бұлшықеттің сүйек бетімен жылжуын жеңілдетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет