Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет33/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   171
Байланысты:
(KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВ

ІІІ кезең

16 жастан кейін





  1. Маңдай аймағы мен беттік бөлігі басымырақ өседі.




  1. Бассүйектің жыныстық ерекшеліктері қалыптасады.




  1. Бассүйектің өсуі тоқтайды.

Бассүйектің жыныстық ерекшеліктері:





  1. Еркек бассүйегі әйелдердікінен 10%-ға көлемділеу.




  1. Әйелдер бассүйегі тегістеу, еркектерде бассүйек төмпелері, сызықтары, доғалары айқындылау.

Бассүйектің тұлғалық ерекшеліктері: Бассүйектің тұлғалық ерекшеліктерін краниология ғылымы зерттейді. Краниологияда екі негізгі зерттеу тәсілдері қолданылады:

  1. Краниоскопия – бассүйекті сыртай зерттеу




  1. Краниометрия – бассүйек өлшемдері

Бассүйек өлшемдері оның индексін анықтау үшін жүргізіледі. Бассүйек индексі бассүйек ұзындығының еніне қатынасымен төменгі формула бойынша анықталады:


Сызбанұсқа (схема)


Х = Н х 100
𝐿
Ортаңғы ұзындығы = 175 мм Ені = 133 мм
Индекс = 175 х 100 : 133 = 75
Х – бассүйек индексі


Н – бассүйек ені


L – бассүйек ұзындығы

75-тен 80-ге дейінгі индекс – ортабастылар (мезоцефалдар) 75-тен төмен – ұзынбастылар (долихоцефалдар)



  1. нен жоғары – қысқабастылар (брахиоцефалдар)

Сүйек қосылыстары туралы ілім артрология (Arthrologia)

Сүйек қосылыстары тірек-қимыл аппаратының бір бөлігі болып табылады, олар сүйектерді өзара қосып, байланыстырып тұрады. Сүйек қосылыстарының негізгі екі: үздіксіз (үздіксіз) және үздікті (үздікті) түрлерін ажыратады. Сүйек қосылыстарының үшінші түрі – жартылай буындар (симфиз) деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет