Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет34/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   171
Байланысты:
(KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВ

Сүйектердің үздіксіз қосылыстары
Үздіксіз қосылыстар жағдайында сүйектер бір-бірімен дәнекер тін қабаты арқылы байланысады. Үздіксіз қосылыстарда қозғалыс болмайды немесе өте аз көлемде іске асады.
Омыртқалылар эволюциясында және адам эмбриогенезінде алдымен үздіксіз, одан кейін үздікті қосылыстар пайда болады.
Халықаралық анатомиялық номенкулатура бойынша (Нью-Йорк 1998, Мәскеу, 2003;) үздіксіз қосылыстар – фиброздық, шеміршектік және сүйектік деп бөлінеді.
Фиброзды қосылыстар, articulationes fibrosae, сүйектердің әр түрлі дәнекер тін арқылы қосылуымен сипатталады. Бұл қосылыстарға синдесмоздар, жіктер және қағу жатады.
Синдесмоздар, syndesmosis, сүйектердің өзара – сүйекаралық жарғақтар мен байламдар арқылы байланысуын біріктіреді.
Сүйекаралық жарғақтар, membranae interossea, жіліктерді (білекте, сирақта) байланыстырады.
Байламдар, ligamenta, дегеніміз көршілес сүйектерді немесе олардың бөліктерін қосатын тығыз талшықты дәнекер тіннің әртүрлі пішінді будалары.
Жіктер, suturae, – бассүйек сүйектерінің жиектерін дәнекер тіннің жұқа қабаты байланыстырады. Қосылатын сүйектер жиектерінің пішініне байланысты жіктердің үш түрін ажыратады:

    1. Тісті жік, sutura serrata, – жиектерінде қисық кетіктері бар мисауыт күмбезі сүйектерінің аралығында орналасқан.

    2. Қабыршақты жік, sutura squamosa, – бір сүйектің қиғаш жиегі екінші сүйектің де осындай жиегімен байланысады. Бұл жік самай сүйектің қабыршақтық бөлігін шеке сүйектің қабыршақтық жиегімен қосады. Жіктер жүрген, секірген кездердегі селкілді азайту аймақтары болып табылады.

    3. Тегіс жік, sutura plana, – бет сүйектерінің тегіс жиектерін бір-бірімен қосады.

Қағу, gomhosis, немесе тіс ұяшықтық қосылыс (articulatio dentoalveolaris) – бір сүйек екінші сүйекке қағылған сияқты көрініп тұрады, тістердің түбірлері мен жақсүйектердің тістік ұяшықтарының арасында дәнекер тіннің жұқа қабаты орналасқан (периодонт), бұл қосылыс тек осы жерде ғана кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет