Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет83/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   171
Байланысты:
(KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВ

ӨКПЕҚАП. ӨКПЕҚАП ҚУЫСЫ; КӨКІРЕКАРАЛЫҚ
Өкпенің сыртын жауып тұрған өкпеқап (pleura) екі қабаттан тұрады:

  1. Өкпе тініне барлық жағынан тығыз бітіскен висцеральді өкпеқап (pleura visceralis).

  2. Кеуде торының ішкі бетін жапсарлап астарлаған, ішінде висцеральді өкпеқаппен қапталған оң және сол өкпелер орналасқан тұйық қапшық париетальді өкпеқап (pleura parietalis).

Өкпе байламы (lg.pulmonale) висцеральді өкпеқап туындысы болып саналады. Париетальді өкпеқаптың, көкірекаралықтық (pars mediastinalis), қабырғалық (pars costalis), көкеттік бөліктерін ажыратады. Қабырғалық және көкірекаралықтық бөліктер бір-біріне кеуде қуысының жоғарғы тесігінің тұсында өтіп өкпеқап күмбезін түзеді.
Висцеральді және париетальді өкпеқаптар арасында тұйықталған өте тар саңылау тәрізді кеңістік – өкпеқап қуысы (cavitas pleurae) орналасқан, оның ішінде өкпеқап жапырақшаларының үйкелісін жеңілдететін сірлі сұйықтық (liguor serosa) бар.
Париетальді өкпеқаптың барлық бөліктерінің бір-біріне өтетін тұстарында кішігірім ұңғылдар – өкпеқап қойнаулары (recessus pleuralis) түзіледі.
Қабырғалық және көкеттік бөліктерінің арасында терең қабырға-көкеттік қойнау (recessus costodiaphragmatіcus), көкеттік бөлік көкірекаралықтық бөлікке өткенде көкет- көкірекаралықтық қойнау (recessus phrenicomediastinalis), ал қабырғалық бөлік көкірекаралықтық бөлікке жалғасқанда қабырға-көкірекаралықтық қойнау (recessus costomediastinalis) түзіледі.
Өкпеқаптың сіңіру үрдісі бұзылғанда, не болмаса өкпемен өкпеқап кейбір дерттерге душар болғанда осы қойнауларда сірлі сұйықтық немесе қан мен ірің жиналады.
КӨКІРЕКАРАЛЫҚ (mediastinum) – оң және сол өкпеқап қуыстары аралығындағы ағзалар кешені.
Алдында төс тұтқасымен денесі, артында ІV және V кеуде омыртқаларының омыртқааралық дискісі аралықтары арқылы өтетін горизонтальді жазықтық көкірекаралықты жоғарғы (mediastinum superius) және төменгі (mediastinum inferius) бөліктерге бөледі.
Төменгі көкірекаралықтың, алдыңғы, (mediastinum anterius), ортаңғы (mediastinum medium) және артқы (mediastinum posterius) бөліктерін ажыратады.
Жоғары көкірекаралыққа айырша без (тимус), қолқа доғасы, оң және сол иық-бас веналары, кеңірдек, өңеш, кеуде лимфа түтігі, кезбе нерв, көкет нервтері, оң және сол симпатикалық сабаулардың жоғарғы бөліктері жатады.
Алдыңғы көкірекаралықта, алдыңғы көкірекаралықтық, төс маңы және жүрекқап алды лимфа түйіндері, кеуделік ішкі артериялармен веналар орналасқан.
Ортаңғы көкірекаралықта, басты бронхтар, өкпе артериялары мен веналары, жүрекқаппен жүрек, оған кіріп шығатын ірі-ірі қантамырлар, көкеттік нервтер, латеральді жүрекқаптық лимфа түйіндері жайғасқан.
Артқы көкірекаралыққа жатады: сыңар, жартылай сыңар веналар, өңештің төменгі бөлігі, ішкі ағзалық нервтер, кеуде түтігі, оң және сол симпатикалық сабаулар, омыртқа алды және артқы көкірекаралықтық лимфа түйіндері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет