Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет87/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   171
Байланысты:
(KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВ

НЕСЕПАҒАР. ҚҰРЫЛЫСЫ, ҚАНМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ, НЕРВТЕНУІ
НЕСЕПАҒАР (ureter), бүйрек қақпасынан шығып несепқуыққа ашылады. Несепқуықтың қызметі бүйректен шығарылған несепті несепқуыққа жеткізу. Несепқуықтың орташа ұзындығы 30 см. диаметрі 8 мм шамасында, сонымен қоса ішкі саңылауының диаметрі 4 мм. Несепағардың өне бойында үш физиологиялық тарылу ажыратылады: бүйректен шыға бере, іш бөлігінен жамбас бөлігіне өткенде және несепқуыққа кіргенде.
Несепағарлар бүйректердей ішастар артында орналасқан. Несепағар топографиялық үш
бөлікке бөлінеді: іштік, (pars abdominalis), жамбастық (pars pelvina) және қабырғаішілік. Іштік бөлігі белдің үлкен бұлшықеті үстінде орналасқан. Сол несeпағар он екі елі ішектің аш ішекке өтетін тұсының артында орналасса, оң несепағарды он екі елі ішектің төмендеген бөлігі алдынан жауып жатыр. Еркектерде несепағармен атабез артериясы және венасы, ал әйелдерде анабез артериясы мен венасы қатар жүреді. Несепағардың жамбастық бөлігінің ішкі саңылауы тарлау. Оң несепағардың осы бөлігі ішкі мықын, ал сол жақтағысы жалпы мықын артериялары мен веналарының алдында орналасқан.
Әйелдер несепағарының жамбастық бөлігі әуелі анабездің артымен төмен түсіп, жатыр мойнын сыртынан айналып өтіп, несепқуық пен қынаптың алдыңғы қабырғасы аралығында аяқталады, ал еркектер несепағарының жамбастық бөлігі әуелі шәует шығаратын түтіктің сыртымен төмен түседі, әрі қарай оны кесіп өтіп шәует қуықшасынан сәл төменірек несепқуыққа ашылады. Несепағардың қабырғаіші бөлігі ең қысқасы, оның ұзындығы 2 см-ден көп емес. Несепағар сыртынан адвентициямен (дәнекер) (tunica adventitia) оның астында жоғарғы бөлігінде екі қабаттан, ал төменінде үш қабаттан тұратын бұлшықеттік қабық (tunica muscularis) орналасқан. Ішкі қабығы – шырышты (tunica mucosa) қабат.
НЕСЕПАҒАРДЫҢ ҚАНМЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНУЫ: бүйрек, тік ішек, несепқуық, атабез және анабез артерияларының сонымен бірге ішкі және жалпы мықын артерияларының тармақтарымен жүзеге асады. Веналық ағым: бел мен мықын веналарына құяды.
Лимфа ағымы: өзі аттас лимфа түйіндерге бағытталады.
Нервтенуі:несепағар, бүйрек және несепағар өрімдері, кезбе нерв, төменгі құрсақасты өрімі тармақтарымен жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет