Оқулық Сараптамашыға ескерту!


ІІ. Екінші мейоздық бөліну



бет13/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   123
ІІ. Екінші мейоздық бөліну. Екінші мейоздық бөлінудің ІІ профаза кезеңінде хромосомалар ширатылады, ядроның мембранасы жоғалады, әр жасушада ұршық жіпшелері түзіледі. Жасушаның формуласы – n2с-ке тең.
ІІ метафаза. Бұл кезеңде хромосомалар жасушаның экваторына жиналады. Хромосомалардың центромерасы экватордың үстінде, ал хроматидалардың иықтары жасушаның полюсіне бағытталып орналасады. Жасушаның формуласы өзгермейді – n2с-ке тең.

5-сурет


ІІ анафаза. Хромосомалардың центромера сы бөлінеді, хроматидалары ажырайды, полюске ұқсас емес хромосомалардың хроматидаларының кездей соқ комбинациясы пайда болады. Сонымен қатар аллельді емес гендердің жаңа комбинация сының түзілуіне әкеледі. Бұл жасушалардың формуласы – n2с.
ІІ телофаза. Хромосомалардың жіпшелері тарқатылады, ядро аралық мембрана түзіледі, жасушалар бөлінеді. Мейоздық бөлінудің нәтижесінде 4 жасуша (микроспор тетрадасы немесе макроспора тетрадасы) түзіледі. Осы жасушалардың ядросында хромосомалардың саны гаплоидты болып, рекомбинация үрдісінің арқасында гендердің жаңа үйлесуі жүреді.
Жыныс жасушаларының дамуы
Гаметогенез – жыныс жасушаларының түзілу үдерісі. Жыныс жасуша ларының барлығын гамета деп атайды. Жыныс жасушалары гаплоидты хромосома жиынтығынан тұрады. Аналық жұмыртқа жасушасының түзілуі овогенез, ал аталық жыныс жасушаларының түзілуі сперматогенез деп аталады.
Гаметалар түзілетін диплоидты жасушаларды сперматогониялар және овогониялар деп атайды. Көбею кезеңінде жасушалар митоздық бөліну реттілігін жүзеге асырады, нәтижесінде олардың саны айтарлықтай өседі. Сперматогониялар бүкіл жыныстық есею кезеңі бойы көбейеді. Овогонийдің көбеюі эмбриондық даму кезеңінен басталады. Аналық организмде бұл үдеріс жатырішілік дамудың үшінші, жетінші айларында аналық безде аса қарқынды жүреді және 3 жылдан соң тіршілігін тоқтатады. Жыныстық есеюден кейін жұмыртқа жасушаларының толық пісіп-жетілуі белгілі бір гармондардың әсерінен айына бір рет қана жүреді.
Өсу кезеңінде жасушалардың көлемі ұлғаяды және аталық пен аналық жыныс жасушалары 1-реттік сперматоциттер мен овоциттерге айналады. Сперматоциттерге қарағанда овоциттердің көлемі үлкен болады. Жинақталған заттардың бір бөлігі, қоректік материал ретінде овоциттердегі сары уыз болса, екінші бір бөлігі келесі бір бөлінулерге қатысады. Бұл кезеңнің басты ерекшелігі – хромосома саны өзгермей сақталған ДНҚ редупликациясы болып табылады. Хромосомалар екі жіпшелі құрылымды, ал 1-реттік сперматоциттер мен овоциттердің генетикалық формуласы 2n4c түрінде болады. Мұндай жасушалар құрамының екі еселенген ДНҚ-сы бар жұп хромосома жиынтығынан тұратынын көрсетеді.
Жыныстық пісіп-жетілуде кезектесіп жүретін бөлінудің маңызды 2 түрі бар: редукциялық (мейоздың бірінші бөлінуінде хромосомалардың саны екі есе азаяды немесе редукция – екі есе азаю) және эквациялық (мейоздың екінші бөлінуі жыныс жасушаларының пайда болуымен аяқталады). Олар бірігіп мейозды құрайды. Бірінші бөлінуден кейін 2-реттік сперматоциттер мен пісіп-жетілген жұмыртқа жасушалары (nc) түзіледі. Пісіп-жетілу сатысының бөліну нәтижесінде әрбір 2-реттік сперматоцит 4 сперматозоид түзеді. Ал әрбір 2-реттік овоцит толық жетілген бір жұмыртқа жасуша мен көбеюге қатыспайтын редукциялық денешік түзеді. Осының нәтижесінде аналық гаметада қоректік материал ретінде сары уыз көп мөлшерде жинақталады.
Сперматогенез үдерісі қалыптасу кезеңімен немесе спермиогенезбен аяқталады. Хромосомалардың жылдам ширатылуының нәтижесінде сперматид ядролары тығыздалады, олар функционалды енжар болады. Пластинкалы кешен ядроның бір полюсіне орын алмастырып, акросомды аппарат түзеді. Ол сперматозоидтың жұмыртқа жасушасына енуінде үлкен маңызы бар. Центриольдер ядроның қарама-қарсы полюсінде орналасады және олардың біреуінен талшық өсіп шығады, оның түбіне митохондрия орамдалған қапшық түрінде шоғырланады.
Сперматозоидтер, негізінен, жылжымалы, көлемі орташа болады. Олардың негізгі қызметі – хромосома жиынтығын жұмыртқа жасушасына жеткізу. Ал жұмыртқа жасушаларының пішіні шар тәрізді сперматозоидтерге қарағанда көлемі үлкен болып келеді. Олар өте жай қозғалады немесе қозғалмайды. Жұмыртқа жасушаларының ерекшелігі – олардың құрамында сары уыз болатындығында. Жұмыртқа жасушасының ядросы сары уыздан бөлек цитоплазмасының орталығында еркін орналасады. Сары уыз – ұрықтың ерте даму кезеңіндегі қорекке қажетті материал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет