Оқулық Сараптамашыға ескерту!


Аталық жыныс жасушасының дамуы



бет15/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   123
Аталық жыныс жасушасының дамуы. Жабық тұқымды өсімдіктердің жыныс жасушаларының қалыптасуында да өзіндік ерекшеліктер бар. Гаметалар өсімдіктің аналығы мен аталығында түзіледі. Аталық тозаңдардың құрамында диплоидты жасушалар саны көп болады және олардың әрқайсысы мейоз жо-лымен бөлінеді. Нәтижесінде әр диплоидты жасушадан кейін тозаң дәндеріне айналатын 4 гаплоидты жасуша түзіледі. Әрі қарай әр тозаң дәнінің гаплоидты ядросы митоз жолымен бөлінеді. Нәтижесінде: генеративті және вегетативті сияқты екі гаплоидты жасуша түзіледі. Генеративті жасуша тағы да митоз жолымен бөлініп, нәтижесінде 2 гаплоидты спермия түзеді. Осылай ересек тұқым тозаңы үш жасушадан: вегетативті немесе тозаң түтігі жасушасынан және екі спермиядан тұрады.
Сөйтіп, сыртын тығыз қабықша қаптаған тозаң түйіршігінде үш жасуша пайда болады. Оның біреуі – өсімді, екеуі – гаплоидты жиынтығы бар спермий. Пісіп-жетілген спермий гаплоидты жиынтығы бар жұмыртқасын ұрықтан дырып, диплоидты жиынтығы бар ұрық түзіледі. Екінші спермий диплоидты хромосома жиынтығы бар орталық жасушаны ұрықтандырып, триплоидты жиынтығы бар жасушаға айналады. Триплоидты жасушадан эндосперм дамиды.
Демек, бір мезгілде диплоидты хромосома жиынтығы бар жасушадан болашақ өсімдіктің ұрығы дамып, ал триплоидты жасушадан қоректік зат – эндоспермнің дамуын гүлді өсімдіктердің қосарлана ұрықтануы деп атайды. Гүлді өсімдіктердегі қосарлана ұрықтануды 1898 жылы орыс ботанигі С.Г.Навашин, ал эндоспермнің триплоидты табиғатын 1915 жылы оның баласы М.С.Навашин ашқан.
Партеногенез. Сонымен қатар жынысты көбеюдің «дұрыс емес жолы» бар. Мұндай жолды партеногенез (грек. партенос – қыз) деп атайды. Оның мәні – сперматозоидтың қатысуынсыз, ұрықтанбаған аналық жыныс жасушасынан жаңа организмнің түзілуі. Партеногенез араларда, сонада, шіркейлерде, кейбір шаян тәрізділерде кездеседі. Дафниялар мен шіркейлердің жылдың көп бөлігінде (көктем, жаз, күздің басында) көбеюі тек партеногенез жолымен өтеді және ұрықтанбаған жұмыртқа жасушаларынан партеногенетикалық аналықтар дамиды. Аталықтары тек күзде ғана пайда болады да, қыста ұрықтану жүреді. Ұрықтанған жұмыртқалар қыстап шығады да, көктемде олардан тек партеногенез жолымен дами алатын аналықтар қайта дамиды.
Аралардың ұрықтанбаған жұмыртқа жасушаларынан тек аталықтары дамиды. Ал ұрықтанған жұмыртқа жасушаларынан аналықтары дамиды және жетілмеген аналықтары (жұмысшы аралар) дамиды. Партеногенездің көпшілік жағдайында жұмыртқаның түзілуі кезінде мейоз жүрмейді. Ал жұмыртқа диплоидты болады. Аралардың жұмыртқа жасушаларында мейоз үдерісі жүреді, олардың жұмыртқасы гаплоидты болады. Олардан дамыған аталықтарда да хромосома жиынтығы гаплоидты. Бірақ та олардың жыныс жасушалары – сперматозоидтері түзілгенде, мейоз жүрмейді және жыныс жасушалары организмдегідей гаплоидты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет