Оқулық Сараптамашыға ескерту!


Тапсырмаларға түсініктеме



бет71/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   123
Тапсырмаларға түсініктеме:
Кроссинговер. Табиғатта толық емес тіркесу гендердің бірге тұқым қуалау сипатына байланысты кейде жиі, кейде сирек көрініп отырады. Т.Морган гомологтық хромосомалар жұбында гендер үнемі алмасып отыратындығын көрсетті. Мысалы, денесінің түсі сұр, жетілмеген қанатты дрозофила шыбынының аналығын, денесінің түсі қара, жетілмеген қанаттығымен будандастырғанда, ұрпақтарында белгілердің фенотип бойынша ажырауы (19-сурет) қатынаста болады
Кроссинговер болған жағдайда белгілердің ажырау сипаты



Сұр дене

Сұр дене

Қара дене

Қара дене

Жетілген қанат

Жетілмеген қанат

Жетілген қанат

Жетілмеген қанат

41,5%

8,5 %

8,5 %

41,5%

Бұлай болу себебі, тиісті гендері бар гомологтық хромосомалардағы сәйкес бөліктердің алмасу үдерісі хромосомалардың айқасуы немесе кроссинговер деп аталады. Осы құбылыстың нәтижесінде гомологтық хромосоманың біреуінде орналасқан ген басқа хромосомаға өтіп, гендердің басқа үйлесуі түзіліп, жаңа белгілер пайда болады. Тәжірибеден алынған шыбындардың 17%-ында кроссинговер жүрген. Кроссинговерге ұшыраған хромосомалары бар гаметаларды кроссоверлі деп, кроссинговерге ұшырамаған гаметаларды кроссоверлі емес гаметалар деп атайды.


Кроссинговердің жиілігі бір хромосода орналасқан гендердің арақашықтығын және гендердің өзара орналасқан орнын көрсетеді. Хромосомада гендер бір-бірінен неғұрлым алшақ болса, кроссинговердің жиілігі артады, ал гендер хромосомада жақын орналасса, олардың арасындағы тіркесу күші мықты болғандықтан, кроссинговердің жиілігі кемиді.
Кроссинговердің мөлшері пайызбен көрсетіледі. Кроссинговердің бір пайызы гендер арақашықтығының бірлігі болып табылады. Оны сантиморган (сМ) деп атайды:
Кроссинговердің жиілігі мына формуламен анықталады:
кроссоверлік ұрпақтың саны х 100
ұрпақтың жалпы саны

Мысалы, егер ұрпақтың жалпы саны 1000, жаңа кроссоверлі ұрпақтың саны 200 болса, кроссинговердің жиілігі 20% болады: кроссинговердің жиілігі = = 20% немесе 20 сМ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет