Оқулық Сараптамашыға ескерту!


Будандастырудың жалпы сызбанұсқасын құрастыру



бет73/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   123
Будандастырудың жалпы сызбанұсқасын құрастыру
Үш жұп белгілердің тіркесіп тұқым қуалайтындығын дәлелдеген соң 22-суретке сәйкес будандастыру сызбанұсқасын құрастыру қажет. cn, b, v гендері бір хромосомада орналасатындығын ескере отырып, бастапқы линиялар мен Ғ1 будан ұрпақтың генотиптерін жазу керек. Ғ1 будан аналықтың гаметаларын комплементарлы жұп кластарға жүйелеп жазу:

    1. Кроссоверлі емес;

    2. cn, b, және b гендерінің арасындағы айқасуға байланысты кроссоверлі;

    3. в және vg гендерінің арасындағы айқасу нәтижесінде түзілген кроссоверлі;

    4. cn және в, в және vg гендерінің арасындағы кроссинговер нәтижесінде түзілетін кроссоверлі гаметалар. Кластар жұбына нөмерлерін қою, уақытты үнемдеу мақсатымен Ғ2 ұрпақ шыбындарының генотипі мен фенотиптерін жазбай-ақ қоюға болады. Аналықтың гаметалары Ғқ ұрпақ шыбындарының фенотиптік радикалы болып табылады.

СN, B және VG гендерінің арасындағы кроссинговер жиілігін есептеу
Алдымен будандастыру сызбасына 14-кестедегі әрбір класс шыбындарының санын жазу, содан кейін кластардың әрбір комплементарлы жұбындағы шыбындардың жалпы санын есептеп, олардың жиілігін пайызбен көрсету. Ол үшін гендер бойынша кроссоверлі шыбындардың жиілігін қосып кластардың екінші және төртінші жұбы. cn – vg гендерінің арасындағы крос-синговер пайызын есептеп және осы гендер бойынша кроссоверлі шыбындардың мөлшерін, яғни кластардың үшінші және төртінші жұптарын қосу қажет.
СN – VG және B гендері үшін генетикалық карта құрастыру
Араларындағы кроссинговер мүшелері ең үлкен болатын гендерді табыңыздар (в және vg гендері), бұл картаға шеткі гендер в және vg гендерінің ортасына осы гендерден шамамен бірдей қашықтықта болатын cn генін орналастыру керек.


_____________________________________
в cn vg

Картадағы в – cn және cn – vg гендерінің арақашықтығының қосындысын есептеу. Оның в – vg гендерінің арақашықтығынан артық екеніне көз жеткізу.


в–vg гендерінің арақашықтығына қосарланған кроссинговердің екі еселенген коэффиценттерін қосу. Содан соң екі шеткі геннің арақашықтығы
в–cn және cn–vg гендерінің арақашықтықтары қосындысына тең болатындығына көз жеткізу.
Есептеуден алынған в – cn – vg геннің арақашықтығын осы гендердің генетикалық картадағы локустарымен салыстыру (21-суретте бұл гендердің локустары в – 48,5; cn – 57,5; vg – 67). Гендердің орналасу ретінің дұрыс қойылғандығына және олардың арасындағы қашықтыққа жақын екендігіне көз жеткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет