Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет179/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   369
os
ischiopubicum-re
 
айнала қосылып-бітіседі, ал 14-16 жаста соңғы сүйек 
acetabulum аймағында мықын сүйегімен қосылып-бітісіп, бірегей os 
coxae түзеді. 12-19 жаста бұлшықеттер мен байламдардың барлық 
дерлік бекитін жерлерінде қосымша сүйектену нүктелері пайда болады, 
олар 20-25 жаста сүйектің негізгі массасымен қосылып-бітісіп кетеді. 
Он жасқа қарай жамбастың жыныстық ерекшеліктері біліне бастайды. 
Оған дейін жамбас балалық шаққа тән биік құйғыш пішінін сақтайды. 
Үршық тілігі аймағында бассүйектің ендірме сүйектеріне ұқсайтын 
қосымша сүйекті түзілістердің қатынасуымен синостоздану үрдісі 
жүреді. Егер бұл қосымша сүйектер ұзақ сақталса, онда олар 
ossa
acetabuli
 
деп аталады. Рентгенограмаларда оларды сынық бөлігі деп 
қателесуге болады.
Аяқтың еркін бөлігінің қаңқасы
Аяқтың еркін бөлігінің қаңқасы (
skeleton membri inferior liberi
) ортан 
жіліктен, екі сирақ сүйегі мен аяқ ұшы сүйектерінен құралады. Бұдан 
басқа, санға кішкене дәнтәрізді сүйек-тізе тобығы жанасып тұрады.
О ртан жілік, 
os fem oris,
 
қуысты сүйектердің ішіндегі ең үлкені әрі 
жуаны болып табылады (77-сурет). Ол барлық осындай сүйектер сияқты 
ұзын қозғалыс рычагы болып табылады. Өзінің дамуына сәйкес оның 
диафизі, метафизі, эпифизі және апофизі болады. Ортан жіліктің 
жоғарғы (проксималды) шетінде дөңгелек буын басы
caput fem oris
(эпифиз) орналасады, ортасынан біршама томен қарай буын басында 
кішкене бұдырлы шұңқыры
fo vea capitis fem oris
 
- ортан жілік басы 
байламының бекитін жері жатады. Жілік басы сүйектерінің қалған 
бөлігімен мойын, 
collum fem oris,
 
арқылы қосылады.
Ол ортан жілік денесі білігіне доғал бұрыш (1 14°-153° жуық) жасай 
орналасқан; әйелдердің жамбасы кең болуына байланысты бүл бұрыш 
тік бұрышқа жақындайды. Мойынның ортан жіліктің денесіне 
ауысатын жерінде ұршық (апофиз) деп аталатын екі сүйекті төмпешік 
шығып тұрады. Үлкен ұршық, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет