Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет295/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   369
м и м и к а
 
деп аталады да, бұлшықеттердің аты осыдан алынған. Негізгі 
қызметі 
түйсікті білдіруден басқа, мимикалық бұлшықеттер сөз 
сөйлеуге, тамақты шайнауға және т.с.с. қатысады.
Адамда жақсүйек аппаратының қысқарып, еріндерінің түсінікті сөз 
сөйлеуге қатысуы ауыз айналасындағы мимикалық бұлшықеттердің 
ерекше дамуына әкеледі және керісінше, жануарларда жақсы дамыған 
құлақ бұлшықеттері адамда редукцияланып, тек рудименттік бұлшық- 
еттер түрінде ғана сақталады.
Б а с с ү й е к к ү м б е з і б ү л ш ы қ е т т е р і.
1. Бассүйек күмбезі жұқа 
б а с с у й е к у с т і
б у л и іь щ е т ім е н , 
т.
e p ic r a n i u s ,
 
жабылған. Оның сіңірлі дулыға (бассүйек үстіндегі 
апоневроз), galea aponeurotica (aponeurosis epicranialis), түрінде 
ауқымды сіңірлі және бұлшықеттік бөлігі болады. Бұлшықетті бөлігі 
жеке-жеке үш бұлшықет қарыншасына бөлінеді: 1) алдыңғы немесе 
маңдайлық қарыншасы, venter frontalis, қас терісінен басталады; 2) 
артқы немесе шүйделік қарыншасы, venter occipitalis, linae nuchae 
superior-дан басталады; 3) бүйір қарыншасы құлақ қалқанына: алдынан 
келетін, m. auricularis anterior, үстінен келетін m. auricularis superior 
және артынан келетін - m. auricularis posterior атты, үш кішкене 
бұлшықетке бөлінеді. Аталған бұлшықеттерідің барлығы апоневрозға 
қосылып бітіседі. Galea aponeurotica бассүйек күмбезінің ортаңғы 
бөлігін қаусырып, т . epicranius-тің орталық бөлімін құрайды.
Қ ы з м е т і.
 
Бассүйектерінің сүйек қабығымен борпылдақ байла- 
нысқан бассүйек үсті апоневрозы бас терісімен тығыз тұтасып өседі
сондықтан ол маңдай және шүйде қарыншаларының әсерінен онымен 
бірге қозғала алады. Бассүйекүсті апоневрозы, бұлшықеттің шүйделік 
қарыншасымен бекітілгенде, venter frontalis касты жоғары көтеріп, оны 
доға сияқтандырып, маңдайда көлденең қатпарлар (әжімдер) пайда 
қылады.
Адамның құлақ бұлшықеттерінің қалдықтары - рудименттік 
мүшелердің классикалық мысалы. Құлағын қимылдата алатын адам- 
дардың өте сирек кездесетіндігі белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет